Технологиялар



Pdf көрінісі
бет25/29
Дата21.10.2022
өлшемі0,87 Mb.
#154345
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
Технология китап

Сын тұрғысынан ойлау. 
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-
түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені 
жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл.
Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа 
алады. 
Сын тұрғысынан ойлаудың мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез 
келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін 
таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. 
«Сын тұрғысынан ойлау»
ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай 
отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық 
ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы 
көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау. 
Сын тұрғысынан ойлау
– сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл 
деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана 
тән деп ойлау аса дұрыс емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс 
ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі 
бір жетістіктерге жетері сөзсіз. 


110 
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы
 
Қызығушылықты ояту – бұрынғы білетін және жаңа білімді 
ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің 
бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Осы 
кезеңге қызмет ететін 
«Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта 
талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау»
т.б. деген аттары бар әдістер 
(стратегиялар) жинақталған. 
Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің 
белсенділігін арттыру. 
Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі 
мағынаны тану
(түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен 
танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. 
Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту 
стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, 
тақырыппен танысу барысында
V – «білемін»
,
― - «мен үшін түсініксіз»,
+ - «мен үшін жаңа ақпарат»,
? – «мені таң қалдырады» 
белгілерін қойып отырып оқу 
тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, 
ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Мағынаны түсінуді 
жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың 
бірден-бір кепілі. 
Ой-толғаныс
– бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту 
үрдісінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен 
қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған 
ақпараттарды өз сөздерімен айта алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет