ISSN 1607-2774
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің хабаршысы № 4(92)2020
360
МРНТИ: 16.11.18
А.Б. Әкімханов, Н. Шәдекұлы, Ж.Т. Рахимгазиев
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы қ.
ӘБУ МАНСУР ӘЛ-МАТУРИДИ КЕЗЕҢІНДЕГІ МАУАРАННАХР АЙМАНДАҒЫ САЯСИ-
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ДІНИ АХУАЛ
Аңдатпа: Мақалада имам Матуриди өмір сүрген Мауараннахр аймағының саяси,
экономикалық және діни ахуалына талдау жасалады. Аталмыш аймақтың сол кезеңдегі Ислам
әлемінің өзге аймақтарымен салыстырғанда ақыл-ой мен пәлсапаға басымдық беруі мен жүйелі
білім беретін медреселердің дәл сол жерде пайда болуының алғышарттары мен түпкі себептері
айқындалады. Сонымен қатар «әһлі хадис» пен «әһлі рай» секілді екі танымның өзара ішкі
тартысының саяси себептері зерделеніп, Мауараннахр аймағында «әһлі рай» танымының басым
болу себептері зерттеледі.
Нәтижеде олар халифат орталығы саналатын Бағдат және Басра шаһарларынан
шеттеп, шалғай аймақтарға кетуге мәжбүр болды. Міне осылайша, биліктен теперіш көріп, бас
сауғалаған мұғтазилалардың басым көпшілігі Хорасан және Мауараннахр аймағын пана тұтып, өз
ілімдерін осы аймақтарға жая бастады. Солардың бірі имам Матуридимен пікір таластырып, оның
пікірлерін терістеу мақсатында қалам тартқан мұғтазили ғалымы Әбу әл-Қасым әл-Бәлһи
Матуридидің туған жері Самарқанда Самани билігінің қоластында қызмет еткен. Әсілі,
мұғтазилалардың фиқһта ханафи мазхабын ұстануы, олардың ханафилер арасында тұрақтап
Достарыңызбен бөлісу: