Бас редактор Байжуманов М. К



Pdf көрінісі
бет47/199
Дата21.10.2022
өлшемі9,41 Mb.
#154442
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   199
Байланысты:
pub2 167

салыстырылды. Жұмыс барысында келесі параметрлер талданды және талқыланды: фон, есеп 


ISSN 1607-2774 
Вестник Государственного университета имени Шакарима города Семей № 4(92) 2020 
89 
тиімділігі, кедергі, үлгінің сыйымдылығы, минималды анықталатын белсенділігі, типтік есеп 
уақыты, сынама дайындауға кететін уақыт. 
Түйін сөздер: Судың радиоактивтілігі. Жиынтық альфа / бета белсенділік. Газ ағынды 
пропорционалды есеп. Сұйық сцинтилляциялық есептегіш. Сцинтилляциялық есептегіш. 
Соңғы бірнеше онжылдықта халықтың табиғи радиациялық сәулеленуге ұшырауын 
шектеуге үлкен көңіл бөлінді. Табиғи сулардың радиоактивтілігі тек техногендік 
радионуклидтерден (Sr-90, Cs-137 және т.б.) емес, сонымен қатар көп мөлшерде табиғи 
радионуклидтердің, атап айтқанда U-238 және Th-232 радиоактивті қатары мүшелерінің, 
сондай-ақ К- 40 болуы себебімен туындайды. Осыған байланысты ауыз судың химиялық 
және радиохимиялық құрамы туралы жедел ақпарат беретін сенімді және жылдам 
скринингтік әдістерге деген қажеттілік артуда.
Судағы жиынтық альфа / бета белсенділігін анықтау радиоэкологиядағы, экологиялық 
мониторингтегі және өндірістік қолданудағы алғашқы скринингтік әдіс болып табылады. 
Оның басты артықшылығы салыстырмалы түрде арзан және қарапайымдылығында. 
Алайда, бұл талдау кейбір нақты п 
роблемаларға 
тап 
болады. 
Ауыз 
су 
сынамаларында әр түрлі табиғи альфа (
238
U,
234
U, 
232
Th, 
226
Ra және 
210
Po) және бета-
сәулелендіргіштер (
40
K, 
228
Ra және 
210
Pb), сондай-ақ әр түрлі мөлшердегі жасанды 
радионуклидтер (
241
Am, 
90
Sr) болуы мүмкін. Бұл белсенділікті анықтау кезінде дұрыс 
бағалауда белгілі бір қиындықтар туғызады. 
Жиынтық альфа / бета өлшеу стандарттарының көпшілігі [1] детектор ретінде 
пропорционалды есептегішті пайдаланады және ISO (Халықаралық стандарттау ұйымы) [1] 
ауыз суға жиынтық альфа / бета белсенділігін анықтау әдістеріне негізделген. Бұл әдістер екі 
кезеңнен тұрады: судың құрғағанға дейін буландыру және пропорционалды детекторда 
планшетке түскен қалдықты өлшеу. Әдістердің тиімділігіне суда еріген қатты заттардың 
жалпы мөлшері, сондай-ақ үлгінің химиялық құрамы қатты әсер етеді. Осы стандарттардан 
басқа, стандартты әдістердің кемшіліктерін жою үшін сұйық сцинтилляцияны есептеуге 
негізделген 
альтернативті 
әдістер 
(ССЕ) 
[2] 
немесе 
альфа-гамма-спектрометрия 
комбинациясы жасалған.
Үлгілерді дайындау және жиынтық альфа / бета белсенділігін анықтау. Газ ағынды 
пропорционалды есептегішті пайдалану кезінде. Су үлгісі толығымен құрғағанша баяу 
буландырылады. Сынаманың бастапқы көлемі әдетте жалпы еріген қатты заттарға 
байланысты 0,1-ден 2 литрге дейін болады. Үлгіні өлшеуге дайындау (планшеттегі қалдық 
материалдың біркелкі қалыңдығы мен қабаты) сенімді нәтиже алу үшін өте маңызды. 
Соңғы тұнбадағы альфа және бета бөлшектерінің өздігінен жұтылуына әсер ететін сәуле 
көзінің беттік тығыздығына назар аудару керек. Қанағаттанарлық есеп статистикасына қол 
жеткізу үшін әртүрлі стандарттар мен хаттамаларға сәйкес беттік тығыздық 0,5-тен 25 мг / 
см
2
-ге дейін өзгеруі керек [3-6]. 
Бұл әдістің үлгісін дайындау ұшпа радионуклидтерді анықтауға мүмкіндік бермейді 
(мысалы, 
3
H, 
210
Po, 
137
Cs). Бұл нуклидтер буландыру кезінде сынамадан, сондай-ақ 
термиялық өңдеу кезінде қалдықтардан бөлінеді, сондықтан альфа мен бета белсенділігінің 
жалпы концентрациясы жете бағаланбауы мүмкін. Осы кемшіліктердің кейбірін судың 
сынамаларын өңдеу үшін бірге тұндыруды қолдану арқылы болдырмауға болады [7]. Радон 
мен CO
2
кетіру үшін сүзгіден өткен су үлгісінің рН мәні орнатылады және қыздырылады. 
Содан кейін радийдің изотоптары бариймен Ba (Ra) SO

ретінде бірге тұндырылады, ал 
уран, торий және полоний изотоптарын Fe(OH)
3
-пен
Fe
3+
тасымалдағышын қосу арқылы 
бірге тұндыруға болады, NH
4
OH осы кезде рН (~ 6,8)-ны реттеу үшін қолданылады. Сүзілген 
және кептірілген тұнбаның жиынтық альфа және бета белсенділігі ZnS (Ag) 
сцинтилляциялық детекторымен есептеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   199




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет