Бас редактор Байжуманов М. К



Pdf көрінісі
бет48/199
Дата21.10.2022
өлшемі9,41 Mb.
#154442
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   199
Байланысты:
pub2 167

ССЕ (сұйықтық сцинтилляциялық есеп) қолданған кезде. Жиынтық альфа-бета 
белсенділікті анықтайтын бұл әдіс α / β-дискриминациясының ультра төмен деңгейімен және 
жоғары анықтау тиімділігімен (100% дейін), сондай-ақ фондық есеп жылдамдығының 
төмендігімен сипатталады. 
Сұйықтық сцинтилляциялық есепке үлгілерді дайындаудың негізгі кезеңдері өте 
қарапайым. Таңдалған су үлесі (50-200 мл) рН = 1,5-2,5 дейін қышқылдандырылады, содан 
кейін ыстық плитада аздап 10 мл дейін буландырылады. Дайындалған су үлгісі 20 мл төмен 
диффузиялық полиэтилен түтігінде сцинтилляциялық коктейльмен араластырылады. Өлшеу 


ISSN 1607-2774 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің хабаршысы № 4(92)2020 
90 
үшін бөтелкені таңдау да маңызды. Әдетте, әйнек флакондар құрамында 
40
К болатындығына 
байланысты полиэтиленді флакондарға қарағанда жоғары фонға ие, бірақ органикалық 
еріткіштер полиэтилен флакондарының қабырғалары арқылы диффузиялануы мүмкін. Төмен 
фонға, жақсы тиімділікке қол жеткізу және сцинтилляциялық коктейльдің есептік түтігі 
қабырғаларына таралуын болдырмау үшін тефлонмен қапталған төмен диффузиялық 
полиэтиленді немесе мыс қалпақшалары бар калий мөлшері төмен шыны түтіктерді қолдану 
қажет болуы мүмкін.
ССЕ-де есептеудің тиімділігінде сөну тәрізді эффект үлкен рөл атқарады. Химиялық, 
түсті немесе физикалық сөндіру деп ажыратады. Бұл тіркеу тиімділігіне әсер етеді, 
сондықтан үлгіні өлшеу кезінде түзету қажет. Мысалы, табиғи сулардағы Fe
3+
жоғары 
деңгейлерінің болуы үлгінің боялуына әкеледі, бұл анықтау тиімділігін едәуір төмендетеді. 
Әр түрлі параметрлердің дұрыс орнатылуы (флакон түрі, коктейль, α / β импульстерін 
ажырату, санақ тиімділігін анықтау) ССС көмегімен жиынтық альфа / бета өлшеу үшін 
маңызды. Өлшеу жүргізген уақытта тиісті радионуклидтер үшін калибрлеу кезінде қойылған 
параметрлерді қолдану керек. 
Сонымен қатар, бірнеше авторлар ССС көмегімен су үлгілеріндегі жиынтық альфа және 
бета белсенділігін өлшеудің әртүрлі әдістерін ұсынды [2]. 
Альфа және гамма-спектрометрия комбинациясы. Судағы жиынтық альфа және бета 
радиоактивтілігін анықтайтын альтернативті әдіс альфа бөлшектерінің және гамма-
сәулелену спектрометриясын қолдануға негізделген [8]. 
Үлгіні дайындау су сынамасын буландырудың екі кезеңінен тұрады. Өлшеу кезінде 
гамма сәулелерін есептеу үшін NaI (Tl) сцинтилляциялық детектор және альфа-бөлшектерді 
тіркеу үшін беттік тосқауыл детекторы қолданылады.
Жиынтық альфа және бета-сәулеленуді өлшеудің басқа әдеттегі әдістерімен 
салыстырғанда, бұл күрделі және көп уақытты қажет етеді. Өлшеу жүргізу үшін 
зертханаларда детекторлардың екі түрі де болуы керек, ал талдаушының мәліметтерді 
талдау және жүйені калибрлеу тәжірибесі болуы керек. Дегенмен, бірнеше маңызды 
артықшылықтар бар. Біріншіден, бұл МАБ (минималды анықталатын белсенділік) төмен 
деңгейіне жету - сәйкесінше жиынтық альфа және бета-белсенділік үшін 0,001 және 0,03 Бк / 
л. Екіншіден, әдіс арнайы реактивтер мен зертханалық шыны ыдыстарды қажет етпейді. Бұл 
жүйе калибрленгеннен кейін белгілі бір радионуклидтерді тікелей идентификациялауға 
мүмкіндік береді. 
Детекторлар мен әдістерді салыстыру. Газ ағынды пропорционалды есептегіш. Газ 
ағынды пропорционалды есеп ауыз су сынамаларында альфа және бета-сәулеленудің 
жиынтық өлшемдерін орындау үшін қолданылады. Детектордың қасиеттеріне құрғақ қалдық 
немесе тұнба түріндегі соңғы материалды алу үшін суды буландыру арқылы сынама 
дайындау әсер етеді. Үлгінің матрицасындағы альфа және бета бөлшектерінің энергиясын 
жоғалтуына және өздігінен жұтылуына байланысты оларды есептеу тиімділігі 100%-дан 
әлдеқайда аз. 
Кемшіліктеріне қарамастан, пропорционалды есептегіштер жылдам сандық талдаулар 
қажет болған кезде жоғары өнімділігі үшін өте пайдалы. Альфа және бета белсендікті бір 
уақытта анықтауға болады, бұл талдау уақытын қысқартады. Төмен фон алуға болады, бұл 
пропорционалды есептегіштерді қоршаған ортадағы радиоактивтілік деңгейін өлшеу үшін 
тиімді етеді. Альфа және бета сигналдарын анықтаудағы қателік өте төмен. Бір детектор 
корпусына бірнеше детекторларды (4-16) орнатуға болады, бұл көптеген үлгілерді бір 
уақытта өлшеуге мүмкіндік береді [9]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   199




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет