Сҧрақтар:
1. Музейдің ашылу тарихына не білесіз?
2. Музей қанша ғимараттардан тҧрады және архитекторларын атаңыз?
3. Музей жәдігерлерінен мақтанышы болып табылатын бҧйымдарды атаңыз?
28 – т а р а у
Қазақстан Республикасы Тҧңғыш Президентінің музейі
Қазақстан Республикасы Тҧңғыш Президентінің музейі –
Қазақстанның жаңарған тарихының музейі. Ол Президенттің
2004 жылғы 28 тамыздағы жарлығымен қҧрылды. Алғашқы
келушілерді музей мемлекет басшысының бҧрынғы резиден-
циясының ғимаратында 2005 жылдың наурызында қабылдады.
Музей экспозицияларында айтылатын негізгі идея рес-
публиканың мемлекеттік егемендікке қол жеткізуі мен оның
Тҧңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тәуелсіз демократиялық
мемлекет қҧрудағы рӛлі болып табылады.
Қазіргі уақытта ҚР Тҧңғыш Президент музейінің коллек-
циясында 116 785 сақтам бірлігі бар, соның ішінде кітапханалық
Т.Н. Мұхажанова
123
қор 14 526 дана кітап пен баспа басылымдарынан, мҧрағаттық
қор 95 055 сақтам бірлігінен тҧрады. Музей қорын 7 204 сақтам
бірлігі мен материалдары қҧрайды. Музейде қазақ, орыс және
ағылшын тілдерінде келушілердің кез келген санатына арналған
шолу және тақырыптық экскурсиялар ӛткізіліп тҧрады.
Музейді кешенді ғылыми-зерттеу, ғылыми-білім беру және
мәдени орталық ретінде әрі қарай дамыту мақсатында 2006
жылы 7 желтоқсанда ғылыми-зерттеу, экспозиция-кӛрме, ақпа-
раттық-баспа, экскурсия қызметін жетілдіру, сонымен қатар
музей педагогикасы бағытын кеңейтуді кӛздейтін Қазақстан
Республикасы Тҧңғыш Президенті музейінің 2007-2009 жыл-
дарға арналған Даму тҧжырымдамасы бекітілді.
Музейдің ғылыми-ағартушылық қызметі әр алуан қарым-
қатынас жасау арналарынан: барлық деңгейдегі білім беретін
оқу орындарымен, қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп ӛткізі-
летін дәріс-экскурсиялар, дәрістер, дәстҥрлі емес кездесулер
ҧйымдастырудан, пікірталас клубтарының отырыстарын, тҧ-
саукесер ӛткізуден кӛрінеді. Арнайы осы мақсат ҥшін музей
жанында «Тарих беттері» бағдарламасы бойынша жҧмыс
істейтін педагогтер кеңесі жҧмыс істейді. Белгілі ғалымдар мен
қоғам қайраткерлерінің қатысуымен ҥнемі ӛтіп тҧратын
кездесулер Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі тарихындағы
айтулы даталарға қатысушылармен және кӛз кӛргендермен
жҥздесугеи мҥмкіндік береді.
Музейді мәдени ӛмірдің орталығы ретінде кӛрсететін
бірқатар кӛрме жобаларына бастамашылық жасалды. Оған
«Алға ҧмтылған Қазақстан» («Казахстан, устремленный в
будущее») кӛрме жобасы мысал бола алады. 2008-2010 жж.
есептелген жоба тҧжырымдамасы аймақтық музейлер қорынан
ҧсынылған неғҧрлым маңызды тарих және мәдениет артефак-
тілерін кӛпшілік қауымға таныстыруға бағытталған;
«Мәдениет арқылы ҥнқатысу» халықаралық мәдени жобасы,
бҧл жоба аясында музейдің Ҥндістан Республикасы елшілігімен,
Ҥнді мәдени орталығымен белсенді ынтымақтастығының
арқасында «Ҥнді шеберлігінің әдемілігі», «Мәңгілік ӛнер.
Амрита Шер-Гилдің қайтып оралуы» атты кӛрмелер ҧйымдас-
тырылды. Қазақстан Республикасындағы Жапония Елшілігімен
және Жапон қорымен бірлесіп, «Жапонияның сәндік-қол-
Әлем музейлерінің тарихы
124
данбалы ӛнері» кӛрмесі ҧйымдастырылды. Әлемдік және
дәстҥрлі діндер лидерлерінің 3 съезі хатшылығының мәдени
бағдарламасы аясында Марджани (РФ), А.С. Пушкин атындағы
Мемлекеттік бейнелеу ӛнері музейі (Мәскеу қаласы), ҚР МАМ
«Қазақстан халықтарының рухани даму қоры», Астана қала-
сында Балалар кӛркемсурет мектебі - ЮНЕСКО клубы бірлесіп
ҧйымдастырған «Балалар ертегілер әлемінде» кӛрмесі ашылды.
ҚР-дағы Польша Елшілігімен бірлесіп, «Ҧлы дала бейнесі»
кӛрмесі және т.б. ҧйымдастырылды.
Кӛркемӛнер галереяларымен және халықаралық ҧйымдар-
мен бірлесіп ӛткізілетін Серіктестік жобалары, «Жаңа Эрмитаж-
бір» (Мәскеу қ.) музей-галереясының коллекциясынан ҧйым-
дастырылған «Менің ғаламшарым» атты С. Калмыков жҧмыс-
тарының кӛрмесі, «Has Sanat» галереясымен (Астана қ.) ЕҚЫҦ
Орталығымен, ҚР СІМ жәрдемдесуімен ЕҚЫҦ Штаб-пәтерімен
(Вена қ.) бірлесіп ҧйымдастырылған «ЕҚЫҦ – ҥнқатысу
форумы», музей мен халықаралық «Қҧланшы» арт-клубы
ҧйымдастырған кӛрме, ҚР-дың РФ елшілігіндегі (Мәскеу қ.)
«Н. Назарбаев – ҧлтаралық және конфессияаралық келісімнің
қазақстандық моделінің негізін салушы»; Халықаралық ядролық
қаруға қарсы «Невада-Семей» қозғалысымен бірлесіп, қозға-
лыстың 20 жылдығына орай ӛткізілген «Ғасырлар таңбасы»
тақырыбындағы кӛрмелер және т.б. ҧйымдастырылды.
Музейдің мәдени қызметін іске асырудағы маңызды бағыт
республиканың әр алуан ӛңірлерінде музей қорынан тақырып-
тық кӛшпелі кӛрмелер ҧйымдастыру болып табылады. 2007-
2009 жылдары музей 7 жобадан тҧратын «Тәуелсіз Қазақ-
станның қалыптасуы мен дамуындағы Қазақстан Республикасы
Тҧңғыш Президентінің саяси бастамалары» ғылыми бағдар-
ламасын іске асырды.
Бағдарламаны іске асыру аясында «Мирас» қоғамдық-саяси
және ғылыми-кӛпшілік журналы жарық кӛріп, оның бірінші
санының тҧсаукесері 2007 жылдың 5 шілдесінде ӛтті.
Музей бірқатар ірі ғылыми конференциялар мен «дӛңгелек
ҥстелдер» ӛткізді. Сӛйтіп, 2006 жылдың 12 мамырында «Музей
және қоғам» атты дӛңгелек ҥстел ҧйымдастырылды. Дӛңгелек
ҥстел барысында музей ісін ҧйымдастыру мен жетілдіру,
мәдени-білім беру ҥдерісіндегі музейлердің рӛлін, қоғамдағы
Т.Н. Мұхажанова
125
музейлердің даму келешегін және жеке тҧлғаның адамгершілік,
рухани қалыптасуындағы мәдени мҧраның маңызын анықтау
мәселелері талқыланды.
2007 жылы 22 қазанда «Нҧр Отан» халықтық-демократиялық
партиясы мен «Ақ Орда» республикалық қозғалысы» қоғамдық
бірлестігімен бірлесіп, «Тарихтағы тҧлғаның рӛлі» тақыры-
бында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ӛткізілді.
Конференцияға шетел мемлекеттері мен Қазақстан Респуб-
ликасында аккредитациядан ӛткен халықаралық ҧйымдардың
ӛкілдері, партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің ӛкілдері,
шетелдік және отандық ғалымдар, кӛрнекті саяси және қоғам
қайраткерлері қатысты.
Халықаралық ынтымақтастық аясында 2008 жылдың 21
мамырында музейде Әзірбайжанның кӛрнекті саяси және
мемлекеттік қайраткері Гейдар Алиевтің 85 жасқа толуына орай
конференция ӛтті. Конференцияны ҧйымдастырушылар «Нҧр
Отан» халықтық-демократиялық партиясы, «Қазақстан-Әзірбай-
жан» достық және мәдениет қауымдастығы, Қазақстандағы
Әзірбайжан Елшілігі мен Қазақстан Республикасы Тҧңғыш
Президентінің музейі.
2008 жылдың желтоқсанында Тәуелсіздік кҥнінің қарса-
ңында музейде «Мемлекеттілік нышандары» атты қалалық
ғылыми-тәжірибелік конференция және «Қазақстанның бірлігі,
бҥтіндігі және тәуелсіздігі» «дӛңгелек ҥстелі» ӛтті. Жҧмыс
барысында егемен мемлекеттің қалыптасуы мен даму тарихы-
ның ӛзекті мәселелері талқыланып, Қазақстанның Тҧңғыш
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың айрықша рӛлі атап ӛтілді.
«Дӛңгелек ҥстел» жҧмысына Қазақстан Республикасы Пре-
зиденті Әкімдігінің ӛкілдері, Парламент депутаттары, белгілі
ғылым қайраткерлері, қоғамдық ҧйымдар ӛкілдері қатысты.
2009 жылдың 28 тамызында Қазақстан Республикасы
Тҧңғыш Президенті музейі ӛзінің тҧңғыш мерейтойын – қҧрыл-
ғанына 5 жыл толуын атап ӛтті. Ҧжым атына мемлекеттік және
қоғамдық ҧйымдардан, отандық және шетелдік музейлерден,
кӛрнекті ӛнер және ғылым қайраткерлерінен қҧттықтау хаттары
келіп тҥсті.
Қазақстан Республикасы Тҧңғыш Президенті музейінің
қҧрылғанына 5 жыл толуына орай 2009 жылдың 24 тамызында
Әлем музейлерінің тарихы
126
Қазақстан Республикасы Тҧңғыш Президентінің музейінде
«Қазіргі заманғы музей: Ғылым. Дәстҥрлер, Инновациялар»
атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ӛтті.
Конференцияны ҧйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы
Тҧңғыш Президентінің Музейі, Қазақстан Республикасы
Тҧңғыш Президентінің Қоры, «Нҧр Отан» халықтық-демокра-
тиялық партиясы.
Конференция музейлер мен ғылыми орталықтар арасындағы
қарым-қатынасты кҥшейтуге, академиялық және музей қауым-
дықтастарын біріктіруге бағытталды. Ғылыми-тәжірибелік
конференция жҧмысына Қазақстан, АҚШ, Ресей, Әзірбайжан
музей қауымдастығының ӛкілдері, сонымен қатар ҚР Пар-
ламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасы министр-
ліктерінің, қоғамдық ҧйымдардың ӛкілдері, кӛрнекті ғылым
және мәдениет қайраткерлері қатысты. Конференцияға 140
ӛтініш тҥсті.
2010 жылдан бастап музей 5 жобадан тҧратын «Тҧңғыш
Президент және тәуелсіз Қазақстанның одан әрі дамуы» ғылыми
бағдарламасын іске асыруға кірісті.
Музей жҧмысының ӛзекті және қазіргі заманғы бағыттарын
кӛрсететін «Қазақстан Республикасы Тҧңғыш Президенті
музейінің 2010-2012 жылдарға арналған даму тҧжырымдамасы»
музейдің барлық бастамаларының заңды жалғасы болып
табылады. Тҧжырымдаманың мақсаты - музей қызметінің бар-
лық бағыттарын одан әрі жетілдіру мен жаңғырту және оны
келешекте республика мен жақын шетелдер музейлері арасында
жаңа тарихымыздың жетекші ғылыми-зерттеу және ғылыми-
әдістемелік орталықтардың бірі ретінде орнықтыру болып
табылады.
Бҥгінде Қазақстан Республикасы Тҧңғыш Президенті Музейі
ӛзін беделді ғылыми-зерттеу, білім беруші және мәдени орталық
ретінде кӛрсете білген ел астанасындағы кӛз тартар кӛрікті
орындардың біріне айналды.
Достарыңызбен бөлісу: |