құрымақ. Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болу. Ұлттың тілі кеми
бастауы ұлттың құри бастағандығын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат еш
нәрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмысы,
мінезі айнадай көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы,
біресе желсіз түндей тынық, біресе құйындай екпінді тарихы, сар далада
үдере көшкен тұрмыс, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп
тұр. Қазақтың сар даласы кең, тілі де бай.
3-тапсырма. Мәтін бойынша қос жазба күнделігін толтырыңыз.
Мәтіннен үзінді
Түсіндірме
Ақынның тіл мен қазақ мінезін, болмысын
байланыстырудағы мақсатына қатысты
тұжырымыңды жаз.
Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы,
біресе желсіз түндей тынық, біресе құйындай
екпінді тарихы, сар далада үдере көшкен
тұрмыс, асықпайтын, саспайтын сабырлы
мінезі – бәрі көрініп тұр.»
Егер 21-ғасырда алаш зиялысы Мағжан өмір
сүрсе, ақынды қандай мәселе толғандыруы
мүмкін деп ойлайсың?
Өз ойыңды берілген тіркестер негізінде білдір.
Менің ойымша ...., Мұндай қорытындыға
келуімнің себебі...
Біріншіден..., екіншіден..., үшіншіден.
Берілген ойға қатысты тұжырымыңызды
жазыңыз.
«Жүрек, ар-ұят оянса, мінез-құлық түзелсе,
мәдени, тарихи өрлеу басталады, ізгілік,
руханият, бақыт келеді» дейді ұлы ойшылдар.
Достарыңызбен бөлісу: