өрістейді. Осы тұрғыдан келгенде, Ахмет Байтұрсыновтың тіл саласындағы
еңбектері, кейінірек жазылған Халел Досмұхамедұлының, Телжан
Шонанұлының, Елдес Омарұлының еңбектері алдымен оқытуға, білім беруге
арналған дүниелер болатын.
Екіншіден, Алаш қаламгерлері XIX ғасырдың ортасында алғашқы
белгілері байқалған ұлттық жазба әдебиетімізді жанрлық жағынан да,
стильдік тұрғыдан да қалыптастырды, анағұрлым байытты.
Үшіншіден, Алаш зиялылары XX ғасырдың басында ұлт тәуелсіздігі
мәселесін көтере отырып, ұлттың рухани-мәдени өрлеуіндегі, саяси
ұйысуындағы асыл қазынаның бірегейі тіл екендігін байыптады. Сөйтіп, олар
тілді сақтау, дамыту, қолданыс аясын кеңейту міндеттерін көтере келе, қазақ
тілінің саяси, қоғамдық, әлеуметтік мәртебесіне ерекше мән берді. Ресей
отаршылдығының саяси, әскери қысымын ғана емес, рухани өктемдігін
сезген, көрген Алаш зиялылары тілді ұлтты сақтап қаларлық қуатты құрал
деп қарады, бағалады, соған риясыз қызмет етті.
Алаш арыстарының ұлттық мемлекет құруды көздеп, елді бірлікке
шақыруы – бүгінгі ең қажетті құндылық. Ол қазіргі тәуелсіз Қазақстанның
мемлекетінің саясатымен үндесіп жатыр. Халқының азаттығы мен бақыты
жолында жан сала күрескен, сол жолда құрбан болған Алаш
ардақтыларының сан салалы асыл идеялары бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан
жағдайында бірте-бірте жүзеге асуда. Кезінде Алаштың арыстары атанған
ұлтымыздың ұлы перзенттерінің халқына жасаған ұшан-теңіз еңбектері,
рухани асыл мұралары қазақ өз елінің иесі болып тұрғанда мәңгі жасай
бермек. Тарих тағылымына терең бойлаған сайын біз бүгінгі тәуелсіз бейбіт
күннің қаншалықты ауырлықпен келгенін түсінеміз. Еліміздегі еркіндік пен
сөз, ой, ар-ождан бостандығының қоғамдағы тыныштық пен ұлттар
арасындағы ынтымақтастықтың, береке мен бірліктің бағасына жетіп
қоймай, өскелең ұрпақтың ойына азық, бойына қазық етіп сіңдіру қажет.
Алаш идеясы – қазақ идеясы. Демек, «Керегеміз – ағаш, ұранымыз –
Алаш» дейтін біз үшін ол әрқашан қазақ идеологиясының темірқазығы болып
келді, бола береді де.
3-тапсырма.
1.
«ҰЛТТЫ СҮЮ» мен «ҰЛТШЫЛДЫҚ» ұғымдарына қатысты пікіріңізді
білдіріңіз.
2.
…Оңай сөз ғой «Отанды сүйем» деген,
Іс тынбайды «жанамын, күйемменен»… деуінің астарында қандай
мәселе жатыр?
3.
«Сүйемін», «жанамын», «күйемін» деген ұғымдар ұлтты сүюдің
критерийі бола ала ма? Иә/ЖОҚ. Неліктен? Дәлел келтіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: