«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы



Pdf көрінісі
бет8/175
Дата22.10.2022
өлшемі4,61 Mb.
#154662
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ

Мәтінмен жұмыс кезеңі
 
 
3-тапсырма. Берілген аудиомәтінді тыңдап, төмендегі тапсырманы 
орындаңыз

 
 
https://www.youtube.com/watch?v=6nK60ew1neI  
 
Мағжан Жұмабаев «Қазақ тілі» 
 

Ақын көтерген мәселе қазіргі таңда маңызды ма? Иә/жоқ. Неліктен? 

«Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа 

Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тiлiм!» деген жолдарың мағынасын 
қалай түсінесіз? 

Ақынның жан күйінішіне себеп болған жағдайларды тарихпен 
байланыстыра талдаңыз. 

Мағжан Жұмабаев пен Мұхтар Шахановтың үндестігі неде? 

Берілген өлең жолдарынан тілге қатысты қолданған тіркестерді анықта 
және түсіндір.

Тілдің құдіреттілігіне, қасиетілігіне баға берген автордың ойы қай 
жолда берілген?

Автор қазіргі таңда қазақ тілі мәселесін қалай жырлайды деп 
ойлайсың?

Өлеңнің сабақ мақсатымен байланысы бар ма? Неліктен? 
4-тапсырма. Мәтінді оқып, берілген кесте бойынша талдаңыз. 
 
Қазақ тілінің мұңы 
 
Мен заманымда қандай едім? Мен ақын, шешен, тілмар бабаларыңның 
бұлбұлдай сайраған тілі едім. Мөлдір судай таза едім. Жарға соққан 
толқындай екпінді едім. Мен наркескендей өткір едім. Енді қандаймын? 
Кірленіп барамын, былғанып барамын. Жасыдым, мұқалдым. Мен не 
көрмедім? 
Маған әкеліп араб пен парсыны қосты. Бертін келе шүлдірлетіп 
ноғайды, былдырлатып орысты араластырды. Бір күндерде мені мүлде жоқ 
қылғысы келгендер де болды. Төңкеріске шейін көрмегенім қалған жоқ. 
Төңкеріс болмаса, бейшара қазақ менен айырылатын да шығар деп едім. 



Төңкеріс болды. Қазақтың көзі ашылды. Қазақтың көзі ашылған соң
менің де күнім туды ғой деп қуанушы едім. Оның үстіне қазақ тілі 
мемлекеттік тіл болсын деген заң шықты. Төбем көкке төрт елі жетпеді. 
Бірақ, не керегі бар, босқа куанған екенмін… Енді, қайтемін? Бұл мұңымды 
кімге 
айтамын, 
кімге 
шағамын!… 
Менің ойлап-ойлап тапқаным – Жалау жолдас, сен болдың. Сен өкімет 
басындағы ақсақалымыз едің. Сен нағыз қазақтың бел баласы едің.
Міржақып Дулатов (Мадияр - бүркеншік аты)
«Ауыл тілі», 27 июль, 1926 ж. №1. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет