«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы


-тапсырма. Тілдік жүйе және стиль туралы мәтінмен танысып, негізгі ақпаратты іріктей



Pdf көрінісі
бет108/175
Дата22.10.2022
өлшемі4,61 Mb.
#154662
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ

 
2-тапсырма. Тілдік жүйе және стиль туралы мәтінмен танысып, негізгі ақпаратты іріктей 
отырып, түртіп жазып ал. 
 
Тілдік жүйе
табиғи тілдің ішкі заңына лайық (үйлес), сөздік құрам мен грамматикалық 
құрылыстың тұрақты қарым-қатынасқа түскен элементтерінің бірлігі мен тұтастығы. Тіл белгілі 
бір жүйе ретінде өмір сүреді. Тілдік жүйе сөздердің әртүрлі өзгеріске түсу мен сөйлемде тіркесу 
заңдылықтарын анықтайды. Тіл – сөздер мен сөз тіркестерінің белгілі бір заңдылыққа 
құрылған тұрақты жүйелерінің жиынтығы. Тілдік жүйе тұтас бүтін, ал оның құрамындағы әр 
бөлік (компонент) бүтіннің бөлшегі. Әр бөлік өз алдына оңашаланбайды, жүйенің өзге бөлігіне 
қарама-қарсылықта түзіледі. Сондықтан да тілдік жүйенің әр бөлігі тілдік жүйе мәні (қызметі) 
тұрғысынан қарастырылады. Тіл таңбалар жүйесінің ерекше түрі. Ол екі қалыпта жүйеленген. 
Бірі тілдік тұлғалар қатынасының «тік қалыпта жүйеленген ережелері мен заңдары». Tap 


мағынада алғанда, бұл сөз қосымшалары жүйесі (морфологиялық парадигма: бала, бала-ның
бала-ға, 
бала-мен, 
т.б.). 
Кең 
мағынада 
алғанда, 
бұл 
тіл 
деңгейлерінде 
(морфология, синтаксистік, лексикалық, сөзжасам) «тік» қалыпта орныққан тілдік жүйе 
жиынтығы. Екіншісі тілдік тұлғалар қатынасының «көлденең» байланыста қалыптасқан жүйесі. 
«Көлденең» қалыпты жүйені нақты байқауға болады (қанағат-тан-дыр-ар-лық). Бір сөйлемдегі 
сөздерді дауыс ырғағымен бөлу арқылы сөйлеуші хабарламаға қатынасын білдіріп отырады 
(Асан / Меркеге Алмамен барады, Асан Меркеге / Алмамен барады, Асан Меркеге Алмамен / 
барады). 
«Көлденең»
қалыпты жүйе тілдің әртүрлі деңгейінде бой көрсетеді. Тілдік жүйе тілде 
жоқ болатын құбылысты да қабылдайды 
Тілдік стиль
– айтайын деген ойды неғұрлым әсерлі жеткізу мақсатында жалпыхалықтық тілдің 
сөз байлығын талғап қолдану тәсілінің бір түрі. Тілдік стиль стилистикадағы негізгі категория 
болып табылады. Стиль түрлері өзара үнемі қарым-қатынасқа түсіп, бір-біріне ауысып, тілдің 
ішкі мүмкіндігі арқылы үздіксіз жетіліп отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет