«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы


-бөлім: Қазіргі әлемдегі саясат және жаһандық мәселелер



Pdf көрінісі
бет125/175
Дата22.10.2022
өлшемі4,61 Mb.
#154662
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ

8-бөлім: Қазіргі әлемдегі саясат және жаһандық мәселелер. 
Пунктуация 
1-сабақ 
 
Сабақтың 
тақырыбы 
Сәулет өнерінің экономикалық маңызы
Оқу мақсаттары 
10.3.4.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып,
көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті 
эссе, аргументативті эссе); 
10.4.4.1 сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу. 
Сабақ 
мақсаттары 
Жанрлық ерекшелікті сақтай отырып, көтерілген мәселе бойынша өз 
ойын дәлелдеп дискуссивті эссе жазу, қажетті клишелер мен 
лексикалық құрылымдарды қолдану; 
Сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу. 
Құндылықтарды 
дарыту 
Патриоттық сезім, өнерге баулу, құрмет 
Пәнаралық 
байланыс 
Қазақ әдебиеті, тарих, бейнелеу өнері 
Тірек сөздер 
Сәулет өнері, архитектура, жәдігер, туынды, мүсін, саз 
Сабақтың жүргізілу барысы 
Жазылымалды тапсырма 
 
1-тапсырма.
Сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу мақсатында 
берілген тілдік ұғымдар бойынша үлгіге сүйене отырып, топта ментальді карта 
жасаңдар, өз жұмыстарыңмен бөлісіңдер. 
1-топ: Сөзжасам 
2-топ: Сөз құрамы 
3-топ: Сөз тұлғасы 
4-топ: Сөздің түрлері 
 
 
 
 
 
 
 
2-тапсырма. 
Эссе жазуда ескерілетін жайттар мен эссенің құрылымын еске түсіріңдер. 
Кестедегі ақпаратты жинақы мәтінге айналдырып жазыңдар. 
 
Эссенің 
құрылымын 
(кіріспе 
– 
30% көлемі, 
негізгі бөлім 
– 60% 
көлемі, 
Кіріспеде
тақырыптың өзектілігіне риторикалық сұрақ арқылы 
тоқталыңыз. «Маған берілген тақырып неліктен маңызды?» деген сұраққа 
жауап іздеген жөн.
Негізгі бөлімде
берілген тақырыпқа қатысты өз көзқарасыңыз бен 
позицияңызды 
(ұстаным) 
дәлелдейтін 
аргументтерді 
тиімді 
пайдаланыңыз, дәйексөздерді (цитата), мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді 
ойыңызды жүйелеуде қолданыңыз, дәлелдерге сілтеме жасаңыз, бірақ 
өздік жұмыс болғандықтан сілтемеден гөрі өз ойыңыз басымырақ болған 


қорытынды 
– 10% 
көлемі) 
сақтаңыз 
 
жөн. Қамтылатын мәселелерді ой жүйелігіне қарай азат жолдарға (абзац) 
бөліп қарастырыңыз. Нақты мәселе немесе тақырып бойынша өзіңіздің 
жеке көзқарасыңыз бен түсінігіңізді білдіруге тырысыңыз. Бұл бөлімде 
менің ойымша, ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, Абай айтқандай, 
Елбасы жолдауында, тақырыпты негіздейтін болсақ, дәлел келтіретін 
болсақ, ойымды жүйелесем, нақтырақ айтсам, мен осы мәселеге көңіл 
бөлуге тырысамын..., айтылған мәселе ....жағдайда өзекті, дегенмен әлі 
де шешімін тапқан жоқ, т.с.с. 
тілдік клишелерді қолданыңыз. 
Қорытындыда 
негізгі бөлімде айтылған сұрақтың мәнін бекітіңіз және 
мазмұнының маңыздылығын ашыңыз. Қорытындыда ешкімге ақыл-кеңес 
берілмейді, түйінді пікірді, қорытынды ойды ұранды сөздермен 
(...сақтаңыз! ...қолдайық! ...жол жоқ!) аяқтауға болмайды. 
Қорытындылай 
келе, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, өз ойымды түйіндей келе, 
т.с.с. 
тілдік клишелердің бірін қолданыңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет