«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы


Тіл және алаш идеясы. Сөз мәдениеті



Pdf көрінісі
бет17/175
Дата22.10.2022
өлшемі4,61 Mb.
#154662
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ

Тіл және алаш идеясы. Сөз мәдениеті
6-сабақ 
Оқу мақсаттары 
10.3.4.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды 
қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп 
эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі); 
Сабақ мақсаттары 
Құрылымын сақтап, ұсынылған тіркестерді қолданып
көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу 
дағдыларын қалыптастыру 
Құндылықтарды дарыту 
 
«Мәңгілік ел» құндылығы: тіл және мәдениет 
Пәнаралық байланыс 
Тарих, әдебиет
Тірек сөздер 
Алаш идеясы, елшілдік ұраны 
Мәтіналды кезең.
1-тапсырма.

Берілген үзінділердің арасында қандай байланыс бар? 

Өлең мен сөзге қатысты қойылатын талаптың маңыздылығы неде? 

Қандай сөздер адам сезіміне әсер етеді? Неліктен? 

Абай мен Ахметтің сөз өнеріне қатысты ортақ ойын талқылаңыз. 

Бұл тапсырманың сабақ мақсатымен қандай байланысы бар деп 
есептейсіз? 
1.Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы 
Қиыннан қиыстырар ер данасы. 
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
А.Құнанбаев 
2.Сөз өнеріне жұмсалатын зат – сөз. Сөз шумағы тіл деп аталады. Сөз өнеріне 
жұмсалған сөз шумағы да тіл (я лұғат) деп аталады. 
Шығарма тілі екі түрлі болады: 1) ақын тілі, 2) әншейін тіл. Ақын тілі – 
айрықша өң беріліп айтылған сөз; әншейін тіл – ондай өң берілмей, жай 
айтылған сөз. Ақын тілімен сөйлегенде, сөзге айрықша өң берілгендіктен, лебіз 



өрнегі болып шығады. Әншейін тілмен сөйлегенде, сөзге өзгеше өң 
берілмегендігінен, лебізсіз де жалаңаш болып шығады. Сондықтан алдыңғысы 
көрнекі лебіз деліп, соңғысы жалаң иә көсе лебіз болып айтылады. 
2-тапсырма. Берілген клишелер эссенің қай құрылымында қолданылады? 
Неліктен? Не мақсатпен? 
Менің ойымша/пікірімше…, Менің көзқарасым тұрғысынан …., Менің 
көзқарасым бойымша…, Мен сенімдімін…, Мені таңғалдыратыны, …, Мен 
шын мәнісінде сенемін…, Ал маған келер болсақ …,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет