Автордың айтайын деген
ойы, идеясы
Мәтіндегі астарлы ой
Заңғар Мұсабекұлы Қытай елінде туып-өскен. Мектеп бітіргеннен
кейін тарихи отаны
Қазақстанға оралмақ болады, алайда белгілі-бір себептерге байланысты бір жылға қалуға
тура келеді. Міне, осы уақытта ауылында жұрт мақтаған қытай шаштаразы бар екен,
соның қасына екі ай шәкірті болып ілеседі.
Сол кісінің айтуымен екі айдан кейін Құлжа қаласындағы «Фу Каң»
деген шаштараз
мектебінің филиалына құжат тапсырдым, – деп сабақтады әңгімесін Заңғар.
– Ауылдағы ұстазымның қасында жүріп біраз нәрсені үйренгенмін. Енді тағы бірер ай осы
мектепте оқысам нағыз маман болып шығамын деп ойлағанмын. Сөйтсем ол ойым бекер
болып шықты. «Фу Каңда» әрбір ұсақ нәрсеге үлкен көңіл бөледі екен.
Сенесіз бе, бастапқы үш айда клиенттің басын жуып, кептіруді ғана үйретті. Ал келесі үш
айымыз шаш бұйралайтын бигудиді қоюға ғана кетті. Міне,
осы уақыт аралығында
сабырлық танытпағандары оқуын тастап кетіп жатты, – деп есіне алды кейіпкеріміз.
Тағы бір ерекшелігі, әрбір кезеңді оқып бітірген сайын арнайы емтихан тапсырады
екен. Сынақ
кезінде шашты дұрыс тарау, оның түсу салдары, шампуннің құрамындағы
пайдалы, зиянды қосындылары секілді
қарапайым сұрақтардан басталып, бигуди тектес
түрлі құрылғылардың жылдам әрі кәсіби түрде орнатылуына дейін тексеріледі. Ол – ол ма,
тіпті химия, геометрия сабақтарынан да белгілі бір деңгейде емтихан алынады. Неге
десеңіз,
геометрия шаштың тегіс алынуын, ал химия түрлі қоспалардың нәтижесінде
шығатын бояудың түсі және оның адам терісіне қаншалықты әсер беретінін үйретеді екен.
Сынақтан сүрінбей өткендері келесі кезеңге жолдама алса, жалқауланып, жүрдім-бардым
қарағандары үш ай қалып қайта оқиды.
– Бір қарағанда оңай жұмыс болып көрінуі мүмкін. Бірақ шын мәнінде әрбір кезеңнің өз
қиындығы бар, – дейді Заңғар.
Заңғар кәсіби деңгейде шаш алу үшін үш жыл уақытын тек оқуға жұмсапты. Яғни
шаштараз болу үшін үш жыл оқыған.
Бәрін сәтті аяқтағаннан кейін, яғни 2013 жылы
оқушыларды «Фу Каңның» Шанхайдағы негізгі орталығына тәжірибеден өтуге жібереді.
Ұстаздарының ойынан шыққаннан кейін ғана шебер дәрежесін иеленген екен. Сол
жылдың қараша айында Қазақстанға көшіп келеді.
Заңғардың әңгімесінен кейін ғаламтордағы «бір-екі айда үйретеміз» деген
хабарландырудың жарнамалық сипаты айқындала түскендей көрінді. Атам қазақ «дүние
бір тиыннан құралады...» деген үлгі қалдырған. Сондықтан шаш алу кезінде де, оның
саудасын жүргізу барысында да әрбір ұсақ нәрсе назарға алынса, «құда да риза, құдағи да
риза». Бұны кәсіби шеберлік деп атаса керек.
Аян ӘБДУӘЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Достарыңызбен бөлісу: