Суретте қандай іс-әрекеттер бейнеленген?
Бұл суреттердің сабақ тақырыбымен қандай байланысы бар?
Театр туралы айтылған ойларды сурет арқылы дәлелдеуге бола ма?
Театр – өнер орындарының бірі болып мәңгілікке қала ала ма? Әлде театрға бару,
театр қойылымдарына сұраныс азаюы мүмкін бе?
3-тапсырма.
Мәтінді оқы. Мәтін түрін анықта. Көздеген аудиториясы кімдер?
А мәтіні
Авторы:
А.Володин
Аударған:
А. Маемиров
ҚОШТАСҚЫМ КЕЛМЕЙДІ...
драма
Қоюшы-режиссер
– А.Маемиров, ҚР еңбек сіңірген
қайраткері
Қоюшы-суретші
– Е.Тұяқов, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері
Балетмейстер
– Г.Мұхамеджанова
Режиссер көмекшісі
– Г.Сейтімбет
Спектакль лейтмотивіне Ф.Шуберттің «Кешкі серенада» әні алынды.
Терең психологизммен ерекшеленетін көрнекті орыс драматургы А.Володин
пьесасы
бойынша қойылымға ажырасуға бел буған сегіз отбасының әрқилы тағдыры арқау
болады. Жасы,
әлеуметтік мәртебесі, дүниетанымы жағынан әртүрлі бірнеше шаңырақ
иелері сан түрлі өмір драмасына ұшырап, күмән-күдікке, тәкаппарлыққа бой алдырады –
бақытты кездесулер баянсыз қоштасуларға ұласқалы тұр. Некелерін
бұзуға сотқа келген
оларды татуластырмаққа судья барын салады. Алайда өзімшіл ерлі-зайыптылар бірін-бірі
тыңдаудан, түсінуден қалған...
Шарттылық белең алатын қойылымда әр кейіпкер әртүрлі таным, жеке дүниетанымын
алға тартады.
Әрбір кейіпкер, яғни әрбір адам – жеке әлем, тек сол әлемге үңілу, оны
түсіне, қажет болса кешіре білу – үлкен қасиет. Негізінен театрдың жас буыны қатысатын
спектакль өмірдің осы бір қарапайым да күрделі пәлсапасы туралы ойларға жетелейді.