«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы



Pdf көрінісі
бет23/175
Дата22.10.2022
өлшемі4,61 Mb.
#154662
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ

5-тапсырма
Тұжырымдарды топ ішінде талқыла. Келісіп немесе келіспей талда.
 

Біз оқыған мәтіндер – арнайы мәтіндер 

Мәтін тек қана сөздер мен сөйлемлдерден тұру керек, диаграмма кесте араласпау 
керек 

Жарнама мәтін – басқа мәтіндерге ұқсамайды. 

Кестелер де мәтін бола алады 



Әлем жаңалықтары: өнер және мәдениет. Сөз мәдениеті 
2-сабақ
 
Оқу мақсаттары 
3. Мәтіннен ақпаратты анықтау 
Сабақ мақсаттары 
10.1.3.3 
тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық 
мәселелермен байланыстыра білу, астарлы ойды анықтау 
Құндылықтарды дарыту 
 
Әдемілікті, өнерді бағалау 
Пәнаралық байланыс 
Қазақ тіл білімі, сөз өнері
Бастапқы білім 
Театр өнері 
Тірек сөздер 
Өнер туындысы, сахналық өнер, сұлулық салоны, өнерді 
бағалау 
Сабақтың жүргізілу барысы 
1-тапсырма.
Қабырғаға ілінген немесе тақтада жазылған 
сөз құрамы туралы ережелерді 
оқы. Жұпта мағынасын түсіндір. Топта талда.
 
Қазақ тілінде сөз құрамы 
түбір
сөзден, түбір мен қосымшадан 
/түбір+жұрнақ, түбір+жалғау, түбір+жұрнақ+жалғау/-қосымшалы сөз, 
туынды сөз, қос сөз, қысқарған сөздер, сөз тіркестерінен 
тұрады.
Түбір – сөздердің ешқандай тұлғалық бөлшектерге бөлінбейтін түпкі, негізгі 
қазығы, жаңа сөз жасаудың негізі.
Туынды түбір түбірге жұрнақтар қосылып, жаңадан түбір сөз пайда болады. 
Мысалы: бала – бала+лық, мал – мал+шы, дәрі – дәрі+гер, өнер - өнер+паз 
т.б. 
 
Түбірлес сөздер – бір түбірден пайда болған бірнеше сөз. 
Мысалы: өн - өнім - өндіріс - өніс - өнгіш т.б. 
 
Туынды сөздер мен туынды түбір сөздер бірдей емес. Туынды түбір 
жұрнақтар арқылы негізгі түбірден туған сөз болса, туынды сөз тек туынды 
түбірден ғана жасалады. Сонымен бірге туынды түбірден туынды сөздер өрби 
береді. Мысалы: біл – білім – туынды түбір
білім – білімді, білімпаз – туынды сөздер
 
Қосымшалы сөз – түбір мен қосымшадан құрылып тұрған сөз.
Қосымшаның екі түрі бар: біріншісі – жұрнақ, екіншісі – жалғау. 
Туынды түбір – түбірге жұрнақтар қосылып, жаңадан түбір сөз пайда болады. 
Мысалы: бала – бала+лық, мал – мал+шы, дәрі – дәрі+гер, өнер - өнер+паз 
т.б. 
 
Түбірлес сөздер – бір түбірден пайда болған бірнеше сөз. 
Мысалы: өн - өнім - өндіріс - өніс - өнгіш және т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет