«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы



Pdf көрінісі
бет33/175
Дата22.10.2022
өлшемі4,61 Mb.
#154662
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ

 
 
Бағалау критерийі 
Дескриптор 
10.2.6.1 белгілі бір мақсат үшін оқылым 
стратегияларын жүйелі қолдана білу 
1.
Оқылымның негізгі ақпарат пен 
қосымша ақпаратты анықтау; факт және 
көзқарасты анықтап оқу деген 
стратегияларын біледі. 
2.
Жаңалық жаза алады



Әлем жаңалықтары: өнер және мәдениет. Сөз мәдениеті 
5-сабақ
 
Оқу мақсаттары 
5. Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде 
жинақы мәтін жазу 
Сабақ мақсаттары 
10.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша 
негізгі ақпаратты іріктей отырып, түртіп жазу 
(конспектілеу); 
Құндылықтарды дарыту 
 
Әдемілікті, өнерді бағалау 
Пәнаралық байланыс 
Қазақ тіл білімі, өнер,
Бастапқы білім 
Әлем жаңалықтары туралы білім 
Тірек сөздер 
кіріспе дәріс, шолу дәрісі, көпшілікке арналған дәріс,
дәрістер циклі 
Сабақтың жүргізілу барысы 
Төмендегі теориялық ақпаратты оқы. Бір-біріңе түсіндір. Маңызды тұстарын 
дәптеріңе түртіп ал. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
Жинақы мәтіннің 
жанрлық түрлері 

Тезис

Аннотация

Презентация

Конспект

Кесте 

Схема

Тезистік жоспар

Ықшамдалған 
мәтін
Есіңде болсын! 

Жинақы мәтін түпнұсқа мәтіннен
75 % дейін қысқа болады.

Егер кітап болса, түпнұсқа мәтіні 
99% ықшамдалады. 

Өз ойларыңды жинақы
 
мәтінге 
қосуға болмайды. 

Жинақы мәтін тек автор идеясынан 
ғана тұруы керек.
 
Жинақы мәтін дегеніміз бастапқы 
мәтіндегі негізгі идеялар мен 
ақпараттарды сақтай отырып, мәтін 
көлемін ықшамдау және өңдеу
Мазмұндық өңдеу:

Мәтінді мұқият оқу және негізгі, қосымша 
ақпараттарды анықтау; қосымша 
ақпараттарды сызып тастау.

Негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді, 
сөйлемдерді белгілеу. 

Автор ойын, баяндау желісін сақтай 
отырып, мәтіндегі негізгі ойды ықшамдау. 

Мәтін түпнұсқасының сілтемесін көрсету. 



Конспект латынның 
конспектус – шолу деген 
сөзінен пайда болған. Бұл 
кітап, не мақала, дәріс, не 
баяндаманың қысқаша 
мазмұны. Жүйелі, 
логикалық байланыстағы 
жазбаны конспект дейміз 
 
 
 
 
2-тапсырма. Төмендегі Ахмет Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» кітабынан 
алынған үзінді оқы. Конспектіле. 
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________ 
 
СӨЗ ӨНЕРІНІҢ ҒЫЛЫМЫ
Сөз өнеріне жұмсалатын зат – сөз. Сөз шумағы тіл деп аталады. Сөз өнеріне жұмсалған 
сөз шумағы да тіл (я лұғат) деп аталады. 
Шығарма тілі екі түрлі болады: 1) ақын тілі, 2) әншейін тіл.
Ақын тілі – айрықша өң беріліп айтылған сөз; әншейін тіл – ондай өң берілмей, жай 
айтылған сөз. Ақын тілімен сөйлегенде, сөзге айрықша өң берілгендіктен, лебіз өрнегі 
болып шығады. Әншейін тілмен сөйлегенде, сөзге өзгеше өң берілмегендігінен, лебізсіз 
де жалаңаш болып шығады, сондықтан алдыңғысы көрнекі лебіз деліп, соңғысы жалаң 
иә көсе лебіз болып айтылады. 
Сөз өнері деп, асылында, – нені айтамыз? 
Бір нәрсе турасындағы пікірімізді, яки қиялымызды, яки көңіліміздің күйін сөз арқылы 
жақсылап айта білсек, сол сөз өнері болады. Ішіндегі пікірді, қиялды, көңілдің күйін 
тәртіптеп, қисынын, қырын, кестесін келтіріп сөз арқылы тысқа шығару – сөз шығару 
болады. Шығарма дегеніміз – осылай шығарған сөз. Сөзді бұлай етіп шығаруға көп өнер 
керектігі жоғарыда айтылды. Сөз шығару өнерді керек қылса, өнер ғылымды керек 
қылады. Мұнан сөз өнерінің ғылымы туады. 
Шығарманың екі жағы бар: 
1) тысқы тіл жағы, 
2) ішкі пікір жағы. 
Сондықтан сөз өнерінің ғылымы екіге бөлінеді: 
1) шығарманың тілінің ғылымы, 
2) шығарманың түрінің ғылымы. 
Тілінің 
ғылымы 
дыбыстардың, 
сөздердің, 
сөйлемдердің заңынан шығатын тіл өңінің жүйелерін 
танытады, түрінің ғылымы сөз өнерінен шыққан 
нәрселердің 
мазмұн 
жағының 
жүйелерін 
танытады, сондықтан сөз өнерінің ғылымы 
шығарманың тіл өңі жағынан тіл я лұғат қисыны 
болып, мазмұн жағынан қара сөз жүйесі, 
дарынды сөз жүйесі болып бөлінеді. 
Әр саласы айрылып, бөлек-бөлек сөз болмақшы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет