4-тапсырма.
The New York Times газетіне Қазақстан өнер саласында болып жатқан
маңызды жаңалықты жаз. Негізгі ақпарат, қосымша ақпаратқа назар аудар, фактілер мен
көзқарас енгіз. Жұбыңның жазбасын оқы. Кері байланыс бер.
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
5-тапсырма. Төмендегі ереже, тұжырымдамаларды оқы. Димаш Құдайберген
қатысқан байқау туралы жазба жаңалықтарға жата ма, хабар-ошарға жата ма?
Әлде жаңалықтар мен хабар-ошар мағыналас ұғымдар ма? Топ ішінде талқыла.
Жаңалық – ақпараттық маңыздылығы бар хабарлама
.
Хабар-ошарды кейде «хроникалық хабар» деп атайды. Хроника – тарихи
оқиғалардың хроникалық жүйеде жазылуы. Журналастикадағы хроника – дерек туралы
қысқаша хабар, яғни, хабар-ошар мен хроника синонимдес сөздер болып келеді. Хабар-
ошарда журналист дерек пен оқиғаға қатысты маңызды ақпаратты (оқиға орны, оған
қатысушылар) толық баяндайды. Хабар-ошар – көркемдеуші құралдарға сараң, қысқа да
нұсқа болуы шарт. Хабар-ошар – газетте жедел хабарлама берудің ең қарапайым түрі.
Оның негізінде қажетті, қоғамдық маңызы бар деректер жатады. Хабар-ошарға жаңалық
пен қысқалық тән. Хабар-ошар – ақпараттық жанрдың ішінде кең тараған жаңалық
бюллетенінің негізгі элементі. Жаңалық бір ғана сөйлеммен кім, не, қайда және қашан
болғанын жеткізеді. Оқиғаның себеп-салдарлық байланысы «кадрдан тыс» жерде
қалады.
Достарыңызбен бөлісу: