3. Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Тілдік жүйе және норма 7-сабақ Сабақтың тақырыбы Атқа міну мәдениеті
Оқу мақсаттары 10.4.2.1 сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас
бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу
мәнеріне сай қолдану
Сабақ мақсаттары Тақырыпқа байланысты сөйлеуде интонацияның құрамдас
бөліктерін қарқын, кідірісті орынды қолдану
Сабақтың тақырыбы Ұлы даланың жеті қыры: Атқа міну мәдениеті
Құндылықтарды дарыту Ұлттық мәдениетке құрметпен қарауға үйрету
Пәнаралық байланыс Тарих
Тірек сөздер Атқа міну мәдениеті, материалдық мәдениет, салт атты
жауынгер, ықшам киім үлгісі, технологиялық жаңалық
Сабақтың жүру барысы 1-тапсырма .
Интонациия туралы мәтінді тыңда. Төмендегі сұрақтарға мәтін бойынша
жауап бер.
Интонация қандай ұғымды білдіреді?
Интонацияның басты құрамдас бөлігін не құрайды?
Сөйлеу кезіндегі кідірістердің қызметі қандай?
Сөйлеуде логикалық мағынаны ерекшелеу үшін не істеу керек?
Баяу сөйлейтін адамның сөйлеу қарқыны қандай деңгейде болады?
2-тапсырма .
2-тапсырма . «Ұлы даланың жеті қыры: Атқа міну мәдениеті» атты мәтінді мәнерлеп оқы.
Тапсырмаларды орында.
Интонация – дауыс ырғағы. Түрлі интонациямен айтылған әр сөйлем әртүрлі
мағына береді. Интонация деген латын тілінен аударғанда «қатты сөйлеу»
деген мағынаны береді.
Интонацияның басты құрамдас бөлігі –
әуен . Әуен арқылы сөйлем ауызекі
сөйлеу тілінде тиянақты ойды білдіреді. Екіншіден, олардың айтылу
мақсатына қарай (хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті) бөлінуінде үлкен
қызмет атқарады. Үшіншіден, грамматикалық және лексикалық тәсілдермен
қосылып сөйлемдердің стильдік ерекшеліктерін анықтауға қатысады.
Төртіншіден, сөз тізбектерінің, сөйлемнің логикалық және эмоциялық
мазмұнын жеткізеді.
Сөйлеу кезінде сөз арасында
кідірістер болады. Кідірістердің бірінші қызметі
– грамматикалық қатынасты көрсету. Мысалы, бірыңғай мүшелердің арасы
кідіріспен міндетті түрде бөліп айтылады. Құрмалас сөйлемдердің
компоненттерінің арасында кідіріс болады. Екінші қызметі – кідіріс кейде
логикалық мағынаны ерекшелеу. Үшінші қызметі – эмоцияны білдіру.
Қарқын – сөз ағымындағы белгілі бір уақыт аралығында айтылып үлгерген
буын саны. Қарқынның үш түрі бар: баяу, жылдам және орташа.
Мәтіннен өзіңе ұнаған үш сөйлемді дәптеріңе жазып ал.
Сөйлемдердің біреуін сұраулы сөйлемге, біреуін лепті сөйлемге айналдырып жаз.
Сөйлемдерді дауыстап оқы. Интонацияңа назар аудар: хабарлы сөйлем, сұраулы
және лепті сөйлемдерді оқығанда қандай әуен байқадың?