арқасында тарих, грамматика салалары бойынша 800-ден аса ғылыми еңбегі жарық көрді.
Сөйтіп, поэзиядағы «александриялық» бағыттың негізін қалады. Автордың алғашқы
каталогы 120 томнан тұрады. Бұл тұңғыш библиографиялық еңбектердің бірі
болғандықтан, Каллимах библиографияның атасы атанды.
Эратосфен – б.э. дейінгі III ғасырда эллинистикалық әлемдегі көрнекті ғалым әрі жазушы.
Афинада 20 жылдай өмір сүріп, кейін Александрияға қоныс аударады. Каллимахтың
шәкірті ретінде ғылымға бет бұрып, кітапханада 40
жылдан аса филология, хронология,
математика және астрономия ғылымдарын зерттейді. Әйгілі Александрия кітапханасында
жас Гипатия да әкесімен бірге жұмыс істепті. Атақ-абыройымен есімі жер шарына
танылған Гипатиямен кездесіп, философия,
астрономия, математика туралы ой-
тұжырымдарын тыңдау үшін Рим Империясынан, Кіші Азиядан және Жерорта теңізі
жағалауынан арнайы делегация сапарлатып тұрған. Александрия кітапханасы
талқандалып, отқа оранған кездерде Гипатия өрттен
аман қалған ұлы ойшылдар
қолжазбаларын қайта қалпына келтіріп, кітапхананы сақтап қалды. Осылай, оның игі
істері, анығында кітапқа деген адал қызметі ғалымның атын мәңгілікке кітапханашы етіп
қалдырды. Ежелгі қытай философы Лао Цзы – аңыз адам. Оның тағдыры да кітапханамен
байланысты екен. Көптеген жылдар бойы Чжоу мемлекеттік патшалық кітапханасында
кітап сақтаушы болып қызмет етіпті.
Кітапханашы кім? Италия астанасы – Римде кітапханалар көп жағдайда қала маңындағы
виллаларға орналастырылған. Сол кезеңдерден-ақ кітапханашының міндетіне оқырманға
қызмет көрсетумен қатар, ағартушылық, ғылыми бағыттар да кірістіріліпті.
Олай болса,
кітапханашы – ғұлама ғалым, кітапханашы – философ, кітапханашы – тарихшы,
кітапханашы – математик, кітапханашы – педагог, кітапханашы – ғалым, кітапханашы –
жазушы, кітапханашы – елші, кітапханашы – премьер-министр, кітапханашы –
президенттің жұбайы, кітапханашы – заңгер, кітапханашы – өнертанушы, кітапханашы –
тәрбиеші, кітапханашы – IT маман. Бұған қарап, әмірші де, әнші де, ақын да, ағартушы да
кітапханашы кәсібінің кілтін ұстағанына кәміл сенімдіміз. Деректерге сүйенсек, Мысыр,
Шам елдерінде кітапты кейінгі толқынға аманаттауды ойлаған хан-сұлтандарға киелі
Құран мәтіндерін көшіріп жазатын шеберлер қызмет еткен. Олар әрі ғалымның, әрі
кітапханашының рөлін атқарған. Осы бір мәртебелі мамандықтың
кез келген мәліметті,
кез келген ғылыми-көркем дүниелерді жинап сақтау әрі халыққа ұсыну тәрізді түпкі
міндеті әлі де өзгерген емес, тек түрленіп келеді. Заман ағымына қарай, кітапханашыларға
кітапханашы-программист, кітапханашы-технолог, мәліметтер базасының әкімгері секілді
әмбебап мамандық иелері қосылды. Кітапханашы – оқу-ағарту жолындағы хабаршы.
Өйткені кітапханасыз, кітапханашысыз адамзат баласы тұлға болып қалыптаспақ емес.
Айсұлу Сейілова,
Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы
Баспа-реставрация орталығының маманы
Достарыңызбен бөлісу: