«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы


 Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Тілдік жүйе



Pdf көрінісі
бет51/175
Дата22.10.2022
өлшемі4,61 Mb.
#154662
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ

3. Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Тілдік жүйе 
және норма 
5-сабақ 
 
Сабақтың тақырыбы 
Кітапхана – мәдени мұра 
Оқу мақсаттары 
10.3.2.1 ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және 
стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды 
қолданып, интервью жазу 
Сабақ мақсаттары 
Тақырыпқа сай жанрлық және стильдік талаптарын сақтай 
отырып сұхбат (интервью) жазу 
Құндылықтарды дарыту 
 
Мәдениеттің ошағы кітапханаға құрметпен қарау 
Пәнаралық байланыс 
Тарих (кітапхана тарихы) 
Тірек сөздер 
мемлекеттің мәртебесі, кітапхана тарихы, мәдениет 
жылнамасы, абыз кітапханашы, көне кәсіп, мәртебелі 
мамандық 
 
Сабақтың жүру барысы 
 
1-тапсырма. 
Сұхбат пен мақаланы өзара салыстыр, ұқсастығы мен ерекшеліктерін 
анықта. 
 
 
 
2-тапсырма. 
Берілген екі мәтіннен сұхбат алуға және сұхбат беруге қажет мәліметтерді 
теріп жазып ал. 
1-мәтін 
Кітапхана – мемлекеттің мәртебесі 
Кітапхана – мемлекеттің мәртебесі. Ежелден еліміз Отырар кітапханасымен мәшһүр 
болған. Әлемде екінші орынды иелеген Отырар кітапханасы туралы қытай саяхатшысы 
Лу-Цзин 
былай 
пайымдайды: 
«Отырардың 
даңқы 
шарапханасымен 
емес, 
мейманханасымен емес, әйгілі кітапханасымен шықты». Өкінішке қарай, ХІІІ ғасырдың 
басында жойқын шапқыншылықта Отырар қоршауға алынады. Салдарынан бағалы 
басылымдар, құнды кітаптар жер қойнына жасырылады. «Алғашқы кітапхананы 
шумерлерді 600 жыл билеген біздің даладан шыққан көшпенділер – Қасситтер (қассақтар) 
ойлап тапқан. Отырар кітапханасы 1000-1200 жыл шамасындай уақыт дүниежүзіндегі ең 
үлкен кітапхана болған. Жер астында шамамен бес жүз мыңдай кітап жатуы мүмкін», – 
дейді профессор ғалым Еренғайып Омаров.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет