3. Концептерге талдау жасаған зерт-
теулердің
үшінші тобына құрылымы әртүрлі
екі немесе одан да көп тілдердің концептерін
салғастырған жұмыстарды жатқыздық.
Ғалым З.Қ. Ахметжанованың пайымдауын
-
ша, салғастырмалы концептология Кеңес зама
-
нында етек жайған салғастырмалы тіл білімінің
жалғасы іспеттес. Зерттеуші бұл топтағы зертте
-
уге қазақ, ұйғыр, араб, корей тілдеріндегі «әйел»
концептісінің, сондай-ақ, қазақ және фран
-
цуз тілдеріндегі «өзім»-«өзге» концептерінің
ерекшеліктерін көрсеткен зерттеуді атайды.
Зерттеушілер универсал концептілердің
қатарында «Шындық», «Заң», «Сүйіспеншілік»,
«Сөз», «Жан дүние», «Күнә», «Ғылым», «От
пен су», «Сан», «Уақыт», «Туған жер», «Тіл»
дегендерді көрсетеді. А.Вежбицкая орыс
мәдениетінде тек үш қана концепт бар деп
көрсетеді; олар: «Тағдыр», «Қайғы» және
«Ерік» (А. Вежбицкая). Ал Е. Кубрякова «Крат
-
кий словарь когнитивных терминов» деген
лексикографиялық еңбекте А. Вежбицкая ай
-
татын концептілер – бастапқы концептілер;
басқалары осылардан туындайды дейді [8, 90].
В. Маслова: «Наши наблюдения показывают,
что число концептов превышает несколько сот»
[9, 49]. Сонымен қатар ұлттық концептілердің
санының қанша екендігін анықтау мүмкін емес
дегенді де кездестіреміз.
Әрбір халықтың тіліндегі концептілердің
санын
шамалап
көрсетудің
мүмкін
болмайтындығының себептерін зерттеушілер
былайша қорытады:
– бұл, біріншіден, когнитивті лингвистиканың
әлі жас ғылым, зерттелетін жақтарының әлі де
бар екендігіне байланысты;
– әрбір халықтың концептілер жүйесінің
салыстырмалы түрде және аударматану
ғылымының әдістерімен қарастырылмағаны се
-
бепкер.
4. Төртінші топқа енген зерттеулер көп
Достарыңызбен бөлісу: |