74
ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. №2(63). 2013
Қазақстандағы когнитивтік
лингвистиканың бағыт-бағдары
ӘОЖ 81-13
Ж.Ж.
Есеналиева
Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті,
Қазақстан
Республикасы, Алматы қ.
e-mail: prof.esenalieva@mail.ru
Қазақстандағы когнитивтік лингвистиканың бағыт-бағдары
Мақаланың зерттеу нысаны – Қазақстандағы когнитивтік зерттеулердің сипаты қандай,
жеткен
жетістіктер қандай дәрежеде, қандай бағытта бағыт алуда деген мәселе. Адамзат қоғамы дамып,
мәдениет, ғылым өркендеген сайын адамның танымдық ой-өрісі арта түсетіні заңды құбылыс. Осы
мәселенің өрбу үдерісін отандық тіл білімінде қандай дәрежеде көрініс тапқаны ғалым-лингвистердің
нақты зерттеулерінің негізінде қарастырырылды. Қазақстандағы когнитивтік
зерттеулерге әлемге
белгілі екі, атап айтқанда, ментальды-информациялық немесе америкалық-батысеуропалық бағыт
және этномәдени немесе мәскеулік бағыттың қайсысы негіз болғандығы зерделенеді.
Түйін сөздер:
когниция, концептология, концепт, когнитивизм, концептосфера.
Ж.Ж. Есеналиева
Основные направления когнитивной лингвистики в Казахстане
В статье расматриваются основные направления когнитивной лингвистики в Казахстане.
Ключевые слова:.
когниция, концептология, концепт, когнитивизм, концептосфера.
zh. esenalyeva
The main directions of Cognitive linguistics in Kazakhstan
in the article are risen main areas of cognitive linguistics in Kazakhstan.
Keywords:
cognition, сonceptology, concept, cognitivism, conceptosphere.
Қазақстанда
когнитивтік, концептологиялық
зерттеулердің ден алып қарқынды дамуы өткен
ғасырдың 90-жылдарынан басталды деуге болады.
Қазақстандағы
когнитивтік зерттеулердің
сипаты, жеткен жетістіктері қандай дәрежеде,
жалпы қандай бағытта деген мәселеге келетін
болсақ, біз
өз тарапымыздан Қазақстан-
дағы концептологиялық зерттеулерді шартты
түрде бірнеше топқа бөліп қарастырғанды жөн
санаймыз: