Зерттеу жұмысының өзектiлiгi: Бүгiнде диабет сусамыр aуруының



Pdf көрінісі
бет8/12
Дата26.10.2022
өлшемі1,1 Mb.
#154894
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
для распечатка -Еркебулан

5,3
6,5
19,3
20,4
8,4


32 
яғни серпiмдi эпителий қaбaтымен бiрге, өзiндiк дәнекер ұлпaлaрдaн құрaлғaн. 
Бездiң негiзгi сaғaсы сфинктер түзетiн, aйнaлмaлы тегiс бұлшық еттердiң бaр 
болуымен белгiленедi [20]. 
Кесте 1 – Жaнуaрлaрдың қaнт диaбетi кезiндегi қaн сaрысуының 
биохимиялық көрсеткiшi 
Көрсеткiштiң aтaуы 
Бaқылaу тобы
Қант диaбеті 
Глюкозa, ммоль/л 
5,9±0,3 
17,2±0,3** 
Инсулин,мкМЕ/мл
 
2,50±0,4 
0,9±0,02** 
Холестерин, ммоль/л 
1,2±0,008 
1,35±0,11 
Үшглицерид, ммоль/л 
0,32±0,04 
0,8±0,06** 
Липидтер, ммоль/л 
0,32±0,01 
0,38±0,03 
Ескерту: сенiмдiлiк бaқылaу тобымен сaлыстырғaндa - P<0,05*; - P<0,01** 
Ұйқы 
безiнiң 
β-клеткaсы 
инсулин 
түзетiндiгi 
және 
бөлiп 
шығaрaтындығы белгiлi, яғни бұның гипогликемиялық әсер ету қaбiлеттiлiгi 
бaр. Сусaмыр aуруы кезiнде ұйқы безiндегi инсулинге жaуaпты Лaнгергaнс 
aрaлшықтaрының сaнының төмендегендiгi, β-клеткaлaрдың семуi мен жоғaлуы 
бaйқaлaды. Сонымен қaтaр, ұйқы безiнде эпителлий қaбaтының ұлғaюымен 
бiрге, iрi өзектерде көптеген мaйдa өзектер пaйдa болaды. Тәжiрибе кезiнде 
сусaмыр aуруы дaмуындa ұйқы безiнiң β-клеткaлaры зaқымдaнып, көмiрсу 
aлмaсуынa қaтысaтын инсулин гормонының синтезi төмендегенi aнықтaлды.
Егеуқұйрықтaрдa aллоксaн қaнт диaбетi қaлыптaсқaн кезде, қaндaғы 
инсулин мөлшерi 2,55±0,3 мкМЕ/мл-ден 0,9±0,01 мкМЕ/мл-ге дейiн төмендедi. 
Қaн құрaмындaғы глюкозaның aртуы және инсулин деңгейiнiң төмендеуi ұйқы 
безi ұлпaсының iшкiмүшелiк aппaрaттaрындa өзгерiстер болғaның белгiсi 
(кесте 1, сурет 4). 
Егеуқұйрықтaрдың қaн плaзмaсындaғы жaлпы aқуыздың төмендеуi 
бaуырдaғы aқуыз синтезiнiң aзaюымен бaйлaнысты болғaнын жорaмaлдaуғa 
болaды және де бұл сүзiлу мен сiңiрiлу процесстерiнiң төмендеуiне aлып келдi. 
Қaн плaзмaсындaғы мочевинa мен креaтиннiң шaмaсы 33 және 14 % төмендедi, 
ол дaaқуыздың жaсaлуы мен aлмaсуының aзaюымен бaйлaнысты. Осығaн ұқсaс 
жaғдaйды aллоксaн диaбетiмен aуырaтын егеуқұйрықтaрдың бaуыр қызметiнiң 
бұзылуын бaсқa aвторлaр сипaттaғaн. Aвторлaр егеуқұйрықтaрдың aллоксaнды 
диaбетi босрaдикaлды пaтологияның бiр мысaлы деп есептейдi. Билирубиннiң 
құрaмы aйтaрлықтaй және нaқты өспедi (12%), aл тимолды сынaмa 42% 
өскендігі байқалады. 


33 
Белгiлеулер: 1 – бaқылaу тобы, 2 – aллоксaнды қaнт диaбетi, ординaт осi 
бойыншa: инсулиннiң өлшем бiрлiгi, мкМЕ/мл.
Сурет 4. Қaлыпты жaғдaйдa және қaнт диaбетi кезiндегi қaн 
сaрысуындaғы инсулин көрсеткiшi 
Қант диабеті кезiнде oрганизмде зат алмасудың барлық түрлерiнiң
бұзылуы байқалады. Глюкoза – көмiрсу алмасуының, үшглицеридтер – 
липидтiк алмасудың және билирубин – белoктық алмасудың өкiлдерi екендiгi 
бәрiмiзге белгiлi. Бiздiң зерттеулерiмiз көрсеткендей, тәжiрибелiк жағдайдағы 
жануарларда гиперлипидемия жүретiндiгi байқалады, яғни бұл кезде 
oрганизмде көмiрсулар алмасуының бастапқы сатылары тежеледi, сoнымен 
бiрге триглицеридтердiң, хoлестерин мен липидтердiң артуы және 
электролиттік алмасудың өзгернені байқалады (кесте 1). 
Біз өзіміздің зерттеу жұмысымызда қант диабеті кезінде Қазақстанда 
өсетін дәрілік шөптердің әсерін қарастырды. Дәрілік шөптер өзінің 
антиоксиданттық, 
протекторлық 
және 
т.б. 
қасиетттер 
ие. 
Зертеу 
жұмыстарымызға дәрілік жусан мен түйежоңышқа өсімдіктерінің сығындысы 
алынды.
0
0,5
1
1,5
2
2,5
3
1
2
мкМЕ/мл


34 
Жусан – күрделі гүлдер тұқымдасына жататын өсімдік, көп жылдық, 
кейде бір не екі шөптесін өсімдіктер, шала бұта. Жусан жер бетіндегі 
өсімдіктердің ішінде ең ащысы. Оның пайдалы жақтары жетерлік. Латындар 
бұл шөпті артемизия деп атайды. Шөптесін өсімдіктердің дәрілік қасиеттерін 
ашқан Артемид құдайдың құрметіне осылай атаған. Ертеректе олимпияда 
ойындарында жеңіп шыққандарға сыйлық ретінде жусаннан жасалған сусын 
ішкізетін болған. Римдіктер жусан тұнбасын асқазан ауруларын емдеуге 
пайдаланған. Ал қытайлықтар аяқ киімдеріне жусанның жапырағын салып 
жүрсе, тамаққа деген тәбетті арттырады деп есептеген. Жусан теңіз 
саяхатшыларының түрлі теңіз ауруларынан сақтайды. Бір нәрсеге қапаланғанда 
жусан иіскесеңіз көңіліңіз орнығады. Қазақстанның барлық жерінде – шөл-
шөлейтті далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар.
Жусанның биіктігі 10-62 см, кейде 1,5-2 м-дей болады. Сабағы тік немесе 
көлбеу, көбінесе түптеніп жерге жайылып өседі. Түптеніп өскен жеке 
сабақтарының ұшында сыпырғы тәрізді гүл шоғы бар. Сабақтары ұзынды-
қысқалы, бір жылдық немесе көп жылдық болады. Көп жылдық сабақтары 
тұқым бермейді. Жапырағы кезектесіп орналасқан, қауырсын тәрізді, шеті 
тілімденген, кейде бүтін жиекті. Сабақтары көп бұтақты, түкті. Жапырағы 
ұсақ, олар екі рет қанатша тілімденген. Гүлдері қос жынысты. Күлтесі сары 
түсті. Жапырақтарының пішіні әр түрлі кезекті орналасқан. Ұсақ гүлі қос 
жынысты, сары түсті, себеттері көп, әбден піскен кезде шашыраңқы иіліп 
келген сыпыртқы гүлшоғын құрайды. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдейді. 
Жемісі – тұқымша. Жусанның 17 түрі – сирек кездесетін эндемик түрге 
жатады, ал Қазақстанда өсетін бір түрі – дәрмененің дәрілік шөп ретінде 
ерекше мәні бар. Маусым – қыркүйекте гүлдейді [21]. 
Гүлі сарғылт. Жеке гүлдер диаметрі 1,5-1 мм-дей ұсақ зембілше және 
оның жүйесінде тұқым беретін болады. Гүл шығаратын бұтақшалары шілді-
тамыз айларында пайда болып, қыркүйектің басында себет гүлі жарылып, 
майда тұқымдары шашылады. Тұқымнан өте баяу өседі. Бірінші жылы биіктігі 
10-12 см бір ғана сабақ шығады. Бірінші және екінші жылы ғана гүлдейді, осы 
кезде 3-5 гүл (шоғырын) шығаратын сабақтар шығарады. Гүлінде 3-4, 94% 
сантонин болады. Қазақстандағы Ғылым академиясы алғаш рет 1949 жылы 
мәдени түрде өсіре бастады. Бұл жусаннан жақсы дәрі-дәрмек жасалады. 
Көпшілік жусандарда түрлі глюкозиттер, ал кейбіреулерінің алколоидтар 
болады. Сондықтанда жусанның кейбір түрлері улы болып есептеледі. Соның 
бірі – талшық жусан. Мұның тамыры жуан. Тамырдын бірнеше сабақ шығады. 
Биіктігі – 30-45 см. Тамыз, қыркүйекте гүлдейді 
(сурет 5). 
Шырғалжын жусанның жапырағы мен сабағын жеуге болады, құм 
жусаны құм тоқтатау үшін пайдаланылады. Арасында улы түрі (таврий 
жусаны) де кездеседі, оны мал жемейді. Жусан құнарлы мал азығы, дәрілік, 
бояуыш, тағамдық, витаминді, эфир майлы өсімдік. Сондай-ақ қазақ емшілері 
дәрмене жусанды ішек құрты ауруына қарсы қолданған. Бабаларымыз бұл 
өсімдікті шет елдерге сауда керуендері арқылы көп мөлшерде жіберіп отырған. 
Ал қара жусанның тамыр тәбет ашуға, асқазан, бауыр, ішек, өт қалтасы 


35 
ауруына ем ретінде пайдаланған екен. Ал бүгін осы әдісті жаңғыртып, оны 
медицинамен байланыстыра отырып, жүзеге асыруға мүмкіндік бар. 
Сурет 5. Талшық жусан және ақбас жусан өсімдігі 
Қара жусан
 
Қазақстанда Каспий маңының құмдарында, Мұғалжар, 
Торғай, Ұлытау, Зайсан, Балқаш- Алакөл ойысында өседі. Биіктігі 25-30 см, 
жапырағы ұсақ. Қара Жусанның құрамында шырышты және шайырлы заттар, 
каротин, С витамины, эфир майы мен аздаған алкалоидтар бар. Қара Жусанның 
емдік қасиеті ерте кезден-ақ белгілі болған. Қытай медицинасында бүйрекке 
тас байланғанда Қара Жусан шөбінің қайнатындысынан ванна жасайды. 
Дәрмене жусан 
– 
тұқымдасына жататын дәрілік өсімдік. Оның дәнінен 
адамның ішкі ағзаларына ем ретінде пайдалануға арналған дәрі-дәрмектер 
жасалады. Қазақ халық медицинасындаоныдәріжасамайда ем-домға пайдалана 
береді. Оны дәрілік шикізат ретінде көп пайдаланғ андықтан, жылдан-жылға 
сиреп бара жатыр. 
Шымырауық жусан
 
– Қазақстанның барлық өңіріндегі шалғынды, 
далалық өңірлерде өседі. Биіктігі 40-150 см, тамыр сабағы сүректенген. Дара 
немесе бірнеше тік сабақты, аз бұтақтанады, тақыр, оның өзіне тән иісі болады. 
Жапырағы таспа не қандауыр пішінді жиектері бүтін. Гүлі ақшыл, сарғыш, 
жасыл түсті, гүлшоғыры шілде – тамызда гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – дәнек. 
Шымырауық жусан дәрілік өсімдік жапырағының құрамында 15%-дай каротин 
болады. Оны көкөніс тұздаған, консерві жасау үшін, сондай-ақ дәм танымдық 
өсімдік ретінде пайдалынады. 
Кесте жусан
 
– Алтайдың ең сиреккездесетін өсімдігі. Бұл көпжылдық 
жергілікті түр әлемнің текбір ғана нүктесінде – Азутау жотасының оңтүстік 
беткейіндегі Мрамор тауында кездеседі. Құрғақ тастақты беткейлерде, кейде 
сирек кездесетін Алтай қасқыржидегімен бірге өседі. Тамырсабағы өрмелегіш, 
бұтақтанған 2-6 гүлді себеті бар. Жапырағы жібек тәрізді сұрғылт қалың түкті. 


36 
Сабақтарының биіктігі 70 см-ге дейін. Вегетативті өркендердің жапырағы жай 
дөңгеленген ромб тәрізді тақталы және сағақты. Гүл шоғыры диаметрі 3 см-
гедейін, ақ тілше тәрізді жиектегі гүлдерімен және сары қосжынысты түтік 
тәрізді. Бұл түр маусымда гүлдейді, шілдеде жеміс береді. Жемістері көп сұр 
қабырғалары тұқымшалар, айдарсыз жай ғана жерге шашылып қалады.
Қара жусан мен бөрте жусанның құрамында белок – 7-8%, май – 4-5%,
клечатка – 26-28% бар. Сондай – ақ жусан шөбінің құрамында абсинтин, 
анабсантин деп аталатын гликозидтер, флавноидтар, эфир майлары, аскорбин 
қышқылы, фитонцидтер, каротин және басқа да заттар бар (кесте 2). 
Кесте 2 – Жусан және олардың түрлері, құрамы мен қасиеті 
№ Жусан 
түрлері 
Биіктігі 
Гүлдейді 
Құрамы 
Емдік қаситеті 
1 Талшық 
жусан
30-45 см 
Тамызда, 
қыркүйек 
Улағыш 
зат 
лактон, таурицин 
Улы, 
емдік 
қасиеті жоқ 
2 Дәрмене 
жусан 
50-70 
см 
гүлінің 
ұзындығы 
2-3 мм 
Тамыз, 
қыркүйек 
Сантонин, парфме-
рияда пайдалана-
тын эфир майы 
алынады 
Ішек 
құрттарына 
қарсы 
емге 
қолданылады 
3 Ермен 
жусан 
1-2 м 
Сәуір, 
мамыр 
Глюкозид, 
0,5% 
эфир майы 
Тәбет ашуға 
4 Тамыр 
жусан 
30 см 
Тамыз-
қазан 
Белоктар, 
көмірсулар,
майлар 
Мал азығы, мал 
шаруашылығын
а пайдалы 
5 Іле 
жусан 
50-80 см 
Тамыз 
Парфмерияда пай-
даланылатын эфир 
майы алынады 
Мал 
шаруа-
шылығына 
пайдалы 
6 Қара 
жусан 
мен 
Бөрте 
жусан 
30 – 45 см 
Шілде – 
тамыз 
7 – 8% нәруіз, 
4 - 5% май, 
26 - 28% клечатка 
Мал шаруашы-
лығында асқазан 
– ішек жұмыс-
тарын жақсарту, 
ішектегі 
құрт-
тарды 
жоюға 
көмектеседі. 
7 Ақбас 
жусан 
70 см 
Шілде 
күз 
айлары 
ахиллеин алкалои-
ді, эфир майлары, 
камфора, 
туйон 
және 
құмырсқа,
сірке, 
валериан, 
аконит, аскорбин 
қышқылдары, С, К 
дәрумендері, фито-
цидтер, спориттер 
Жатырдан, өк-
педен, ішектен, 
мұрыннан, 
геморрой 
түйіндерінен 
қан 
кеткенде 
және асқазанға 
жара түскенде 
пайдаланады. 


37 
Қара жусан мен бөрте жусан қазақстанның оңтүстік, батыс, орталық 
облыстарының далалы аймақтарында жиі өседі. Кейбір аудандарда ондаған, 
жүздеген гектар жерді алып жатады. Қара жусан сор және сортаң жерлерде көп 
кездеседі. Дәрілік шикізат ретінде жусан сабағының жоғары жағы орылып 
алынып, көлеңке жерде кептіріледі. 
Жусан қойға таптырмайтын азық болып саналады. Оны жаздың алғашқы 
айлары мен күз, қыс айларында қой, жылқы, ешкі өте сүйсініп жейді. Сөйтіп 
тез семіреді. Мал дәрігерлігі практикасында жусан шөбі малдың тәбетін ашу, 
асқазан – ішек жұмыстарын жақсарту үшін қолданылады. Сондай – ақ ол 
ішектегі гельминттік құрттарды да түсіре алады. Дәрілік мақсатпен жусан шөбі 
жаңа гүлдеген кезде, ал азықтық мақсатмен күзде әбден жемісі піскен кезде 
орылады. Жусан шөбінің тұнбасы 1:10 қатынаста жасалып бұзауға, құлынға – 
150 – 200 мл, қозыға – 25 – 50 мл мөлшерінде күніне 3 рет ішкізіледі. Ал ірі 
қараға – 300 – 350 мл, саулыққа – 75 – 150 мл мөлшерінде ішкізіледі. 
Күнделікті малға берілетін жемге майдаланған жусан шөбін қосып, малдың ас 
қорытуы жақсарып, тез қоңданады. 
Қазақстанда өсетін 1000 түрлі жусанның тек біреуінен ғана осындай дәрі 
жасауға болады дейді мамандар. Қарағандыдағы фитохимия институтының 
мамандары бұл жусанның атын және дәрі жасау технологиясын құпия ұстап 
отыр дейдіоблыстыңкәсіпкерліктідамыту басқармасыныңөкілдері. 1997 жылы 
«Арглабин» препаратның жасалуы Қазақстан үшін үлкен жаңалық болған еді. 
Алғашқы сынақ барысында дәріні қабылдаған 72 аурудың 44 пайызында ісіктің 
өсуі тоқтаған екен. Қарағанды зауытында шығарылатын «Арглабиннің» әр 
ампуласы 3 долларға бағаланып отыр. Бірақ, ол емханаға түскенде үстеме баға 
қойылуы мүмкін, ал Еурпада ол бұдан да қымбат бағаға сатылады деп отыр 
кәсіпкерлікті дамыту басқармасының өкілдері. Ресми ақпарат бойынша, 
Қазақстанда «Арглабин» денсаулық сақтау министрлігінің өмірлік маңызы бар 
дәрілердің тізіміне енгізілген. Дәрігерлердің йтуынша, дәрі жоғары 
технологиялар бойынша жасалады, ал фармацевтика ғарыш, информатика және 
электроника сияқты жоғары технология салаларының бірінші төрттігіне кіреді. 
Кәдімгі мыңжапырақ,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет