ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ
27
Олар әйелдің жұбайының бар болуы оның өмірін
материалдық тұрғыдан
жеңілдететін шарт деп
ойлайды. Әйелдердің 32 % қандай шешімнің
дұрыс болатынын білмей, сенімсіздік танытты.
Түсік жасату қажет
деп санайтындардың ішіндегі
ең көп үлес 46 - 59 жас аралығындағы топқа
тиесілі (7,8 %). 60 және одан жоғары жастағылар
жоспарланбаған баланың дүниеге келуін әйелдің
күйеуі бар болған жағдайда ғана мүмкін деп
санайды (80 %). Орта және арнайы орта білімі бар
респонденттер «Баланы дүниеге әкелу керек»
деген жауап бойынша да (71,5 %), «Түсік
жасату
қажет» деген жауап бойынша да (7,9 %) ең
жоғарғы көрсеткішті көрсетті. Жоғары білімді
респонденттер ең жоғары дәрежеде күмән
білдіріп, «Сол сәттегі жағдайға байланысты» деген
жауапты көбірек таңдады (30,6 %). Қала
тұрғындарының көбінің жауабы «Баланы дүниеге
әкелу керек» деген нұсқаның пайдасына шешілсе
(68,6 %), ауыл тұрғындары «Білмеймін /
жауап
беруге қиналамын» деген нұсқаны 3 % -ға артық
таңдады (28,9 %).
D.34. Сіздің ойыңызша отбасында
баланың тәрбиесіне кім жауапты?
Достарыңызбен бөлісу: