Қазіргі қазақстандағЫ Әйелдер мен ерлерге қатысты саясат



Pdf көрінісі
бет37/56
Дата26.10.2022
өлшемі1,9 Mb.
#155048
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   56
 
 
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ 
29
деген пікірде. БАҚ әсеріне ауылдықтарға (25,6 %) 
қарағанда қалалықтар (29,2 %) көбірек сенеді.
E.37. Сіз қазақстандық БАҚ ер мен әйел 
бейнесін қалыптастыруға тигізетін 
ықпалын қалай бағалайсыз? 
 
Сауалнамаға қатысушылардың 30,8 % бұл мәселе 
туралы мүлде ойланбағандықтан БАҚ-тың ерлер 
мен әйелдердің бейнесін сомдаудағы ықпалын 
бағалай алмады. 24,5 % БАҚ ерлер мен әйелдерді 
таптаурын күйде көрсететіндіктен олардың 
ықпалын жағымсыз деп бағалайды. Бұл сауалға 
респонденттердің 22 % жауап бере алмағандығы 
олардың өзіндік пікірінің жоқтығын немесе 
аталмыш сауал мен оның жауап нұсқаларын 
түсінудің қиынға соққандығын білдіреді деген 
ойдамыз. Гендерлік нұсқауларды қалыптастыру 
үдерісіне тигізетін БАҚ әсерінің маңыздылығына 
қатысты ресми дискурс пен қоғамдық дискурстың 
ойлары бұл сұрақ бойынша да ұштаспады. 
Гендерлік теңдік стратегиясында сегізінші мақсат 
былай деп атап көрсетілген: «Ерлер мен 
әйелдердің әлеуметтік теңдігіне қол жеткізу 
мәселелерінде мемлекеттік органдар мен БАҚ 
ортасындағы ынтымақтастықты қамтамасыз ету; 
әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрін 
жою 
жөніндегі 
БҰҰ 
конвенциясының 
қағидаларын жүзеге асыру мәселелерін БАҚ-та 
кеңінен жариялау; Қазақстан Республикасында 
әйелдердің жағдайын жақсарту шараларының 
ұлттық жоспары; адам құқықтарына қатысты 
халықаралық 
құжаттар; 
гендерлік 
теңдікті 
насихаттауда БАҚ қолдауын қамтамасыз ету;
БАҚ-тың 
гендерлік 
сезімталдығын 
өсіру 
шараларын 
қабылдау 
арқылы 
«гендерлік 
тұрғыдан сезімтал қоғамдық сананы дамыту». Ал 
қоғамдық пікір БАҚ-тың гендерлік нұсқаулар мен 
таптаурындардың қалыптасу үдерісіне ықпал 
ететіндігіне сенімді емес. Оның аталмыш 
проблемаға сараптама жасамағаны анық және 
онда 
халық 
арасындағы 
гендерлік 
таптаурындардың 
қалыптасуына 
БАҚ-тың 
тигізетін әсеріне қатысты айқын нұсқаулықтар 
жоқ.
Блок F. Гендерлік білім 
F.38. Сіздің ойыңызша 
қазақстандықтарға ерлер мен әйелдерге 
қатысты таптаурындарды жоюға 
көмектесетін білім берілуі керек пе? 
Сауалнамаға қатысушылардың көпшілігі (44,3 %) 
қазақстандықтарға гендерлік бағыттағы білім
қажет деген пікірді қолдайды. Тек 12,7 % 
қазақстандықтарға ондай білім қажет жоқ деген
ойда. Айта кетерлік бір жайт, респонденттердің 
басым бөлігі (43 %) бұл сұраққа жауап бере 
алмады. 
Әйелдердің 
көбі 
(48,9 
%) 
қазақстандықтар гендерлік білім алу керек деген 
ойда, ерлердің 36,7 % бұл ойды бөліседі. Сөйте 
тұра әйелдермен салыстырғанда ерлердің көп 
бөлігі (22,9 % 6,9 %-ға қарсы) гендерлік білім 
берудің қажеті жоқ деп біледі. Аталмыш сұраққа 
жауап бере алмағандардың үлесі жоғары. 31 - 45 
жас аралығындағылардың басым бөлігі (50,2 %) 
қазақстандықтарға гендерлік бағыттағы білім 
керек деп санаса, 18 - 30 жас аралығындағы топ 
өкілдері 46,9 % бұл сұрақтың жауабын білмейді. 
60 және одан жоғары егде жас тобының өкілдері 
ондай 
білімнің 
қажеті 
жоқ 
екендігіне 
басқалармен салыстырғанда көбірек сенімді (23,7 
%).
Сауалнамаға қатысқан жоғары және жоғары оқу 
орнынан кейінгі білімі барлардың көпшілігі (47,1 
%) қазақстандықтар ерлер мен әйелдер туралы 
стереотиптерді жоюға көмектесетін білімді 
үйренулері қажет деп санайды. Орта және 
арнайы орта білімді респонденттердің 45,2 % бұл 
сұраққа жауап бере алмады. Сауалнамаға 
қатысқан өзге ұлт өкілдері (49,7 %) мен 
орыстардың 
басым 
бөлігі 
(45,6%) 
қазақстандықтарға ондай білім міндетті түрде 
қажет деген пікірді қолдайды. Қазақ ұлты 
өкілдерінің 45,7 % қазақстандықтарға гендерлік 
білімнің қажеті бар, ма жоқ па дегенді дөп басып 
айта алмады. Ауыл тұрғындардың көбісі (53,6 %) 
аталмыш сұраққа жауап бере алмады. Ал қалалық 
тұрғындардың көбісі (45,8 %) гендерлік бағыттағы
білімнің қажет екендігіне сенімді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет