ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ
25
D.30. Сіздің ойыңызша үйленгісі келген
жігітке ата-анасы қарсы болса, оның
некеге отыруына бола ма?
Бұл сұрақ бойынша
респонденттердің пікірлері
бір-біріне ұқсас келеді. Ондай некені мүмкін емес
дегендер (27,4 %) мен жағдайға қатысты мүмкін
дегендердің (27,4 %) саны тең. Әйелдердің
көпшілігі «Жағдайға байланысты» деген жауапты
таңдады (53,7 %). Бұл жерде жағдай деп қыздың
жүкті болып қалу ықтималдығы айтылып отыр. Ер
адамдар арасында
жігіт ата-анасы қарсы болса,
үйленбеуі керек деп санайтындардың үлесі 8 %-
ға артық. Аға буын арасында «Жоқ, қажеті жоқ
болу керек» деген жауапты таңдағандардың үлесі
жоғары (35,6 %). 31 - 45 жас аралығындағы топ
көбінесе жағдайға қарау керек деген пікірді
қолдайды (50,4 %).
Орта білімділердің көбі ата-
ананың батасын алмай отау құруды сөгеді (32,8
%). Жоғары білімді респонденттер бұл жерде де
некені қолдайтын жағдайларға үміт артады (52,3
%). Ауыл тұрғындарының арасында ата-ана қарсы
болса, тұрмыс құрудың қажеті жоқ деп
санайтындардың үлесі 4,4 %-ға артық. Ал қала
тұрғындарының көпшілігі не істеу қажет екендігін
білмейді немесе
барлығы жағдайға байланысты
деген пікірді бөліседі.
D.31. Сіздің ойыңызша әйел-ананың
сәбиіне қарау үшін декреттік демалысқа
шығып, үйде отырғаны дұрыс па?
Сауалнамаға қатысушылардың басым көпшілігі
(85,1 %) әйел-ананың декреттік демалысқа шығуы
қажет деп санайды. Тек 7,6 % ол
міндетті емес
деген пікірде. Әйелдің декреттік демалысқа
шығуы
міндетті
емес
деген
пікірді
қолдайтындардың
арасында
әйелдермен
салыстырғанда ерлердің үлесі 1,8 %-ға жоғары.
Олар әйел өзінің қызметі мен сәбиге қарауды
бір-бірімен үйлестіре алар еді деген ойда.
Әйелдердің 86 % бала күтіміне байланысты
демалыста болғанды жөн деп санайды. Декреттік
демалысқа
шығудың
қажет
жоқ
деген
пікірдегілердің
басым
көпшілігі
олардың
экономикалық
тұрғыдан ең белсенді топ
екендігіне қарамастан – 31 - 45 жас
аралығындағы топ өкілдері (9,3 %). Мұндай
көзқарас ананың міндетін жақын туыстарға
немесе балабақшаларға жүктеуге болатын
мүмкіндікпен
байланысты
болуы
керек.
Респонденттердің көпшілігі –
жоғары білімділер
де, орта және арнайы орта білімділер де (86,2 %
және 83,5 %) – әйел декреттік демалыс алып,
баласына қарауға тиісті деген пікірде. Басқа ұлт
өкілдерінің 15 % декреттік демалысқа шығуды
қажет емес деп санайды.
Қазақстанда тұратын
бірқатар ұлттардың өкілдері әйелдің үйден тыс
жұмыс істеуін маңызды деп ойламайтындықтан
декреттік демалысты да қажеттілік ретінде
танымайды.
Достарыңызбен бөлісу: