Қазіргі қазақстандағЫ Әйелдер мен ерлерге қатысты саясат



Pdf көрінісі
бет29/56
Дата26.10.2022
өлшемі1,9 Mb.
#155048
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   56
 
 
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ 
22
қарым-қатынастарына қарсы адамдардың саны 
көп (44,6 %).
Гендерлік теңдікке қол жеткізу стратегиясында 
жыныстық қатынас мәселесі репродуктивтік 
құқықтар тұрғысынан қарастырылған. Бұл жайт 
аталмыш мәселенің ресми дискурс деңгейінде де, 
дәстүр бойынша да өзекті сұрақ ретінде 
талқылануы кедергіге тап келетіндігін көрсетеді. 
Бұл мәселе бойынша сауалнамаға қатысқан 
информанттардың ойы Стратегия авторларының 
пікіріне сай келеді. Бұл тақырыпқа күнделікті 
дискурстарда да тыйым салынған.
D.25. Сіздің ойыңызша ер адамдардың
қай жаста некеге отырғаны дұрыс? 
 
 
 
26 - 30 
 
Респонденттердің көпшілігі ерлер үшін 26 - 30 
жас аралығын некеге тұру үшін ең оңтайлы жас 
деп санайды, ал екінші орында 25 жас атап 
көрсетілді (28,8 %). Әйелдер ерлер үшін оңтайлы 
жас 25 жас деп біледі (33,1 %). Ал ерлердің өздері
ең лайықты жас 26 - 30 (36,5 %) деген пікірде. 
Білім деңгейінен тыс күйде отбасын құруға ең 
қолайлы жас деп респонденттер (жоғары 
білімділер - 34,2 %; орта білімділер - 33,5 %) тура 
осы 26 - 30 жас аралығын таңдады. Сонымен 
қатар сауалнамаға қатысқан барлық этникалық 
топтар да осы жасқа көп дауыс берді. Өмірдегі өз 
орнын тапқан еркектің бейнесін дәстүрлі түрде 
оның белгілі дәрежеде игерген білімі мен 
мамандығы 
анықтайды. 
Сауалнамаға 
қатысушылардың ойынша ер азаматтар тура 26 
жасқа келген шақта некеге тұру үшін қажетті 
қасиеттерге ие бола алады.
D. 26. Сіздің ойыңызша
әйел адамдардың қай жаста
некеге отырғаны дұрыс? 
 
 
 
20 – 24 
 
Сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі әйелдер 
үшін некеге тұруға 20 - 24 жас аралығын ең 
оңтайлы деп көреді (66,8 %). Ерлер әйелдердің 
некеге тұруына лайықты жас 20 - 24 аралығы 
(60,5 %) деп санайды. Әйелдердің өздері де 20 - 
24 жас аралығын некеге тұру үшін ең лайықты 
жас деген пікірде (65,9 %). 60 және одан жоғары 
жастағы топ (60 %), 46 - 59 жастағы топ (63,7 %) 
және 18 - 30 жас аралығындағы топ та (67,6 %) 
әйелдердің некеге тұруына лайықты жас деп 20 -
24 аралығын атап көрсетті. Сауалнамаға 
қатысушылар білім деңгейінен тыс (жоғары 
білімділер - 67,2 %; орта білімділер - 58,8 %) 
әйелдердің некеге тұруына лайықты жас ретінде 
20 - 24 атап көрсетті. Орта білімділердің 
ортасында сауалнамаға қатысқандардың 16,1 % 
17 - 19 жас аралығын некеге тұру үшін ең 
оңтайлы жас деп біледі. Әртүрлі этникалық 
топтар өкілдерінің басым бөлігі де 20 - 24 жасты 
таңдады. Әйелдердің некеге тұруына лайықты 
жасқа қатысты сұраққа берілген жауаптарды 
саралап 
қарастыру 
нәтижесінде 
қалалық 
тұрғындардың да, ауылдық тұрғындардың да 
басым бөлігі осы жасты таңдағанын айта кетеміз. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет