ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ
20
С.21. Егер солай ойласаңыз,
қандай мамандықтарды
ортақ деп санайсыз?
дәрігер
42,1 %
басшы
39,3 %
мұғалім
36,5 %
Респонденттер ерлерге де, әйелдерге де лайық
деп дәрігер (42,1 %), басшы (39,3 %) және мұғалім
(36,5 %) мамандықтарын атап көрсетті. Барлық
аймақтар дәрігер
мамандығын бірауыздан екі
жыныс өкілдері үшін де қолайлы мамандық
ретінде санайды. Ер адамдар екі жыныс өкілдері
үшін де лайық мамандық деп басшылықты таныса
(33,9 %), әйелдер бірінші орынға дәрігерді қойды
(46 %). Ең төменгі көрсеткіш кенші мамандығына
тиесілі, оның
пайдасына таңдау жасаған
әйелдердің үлесі 2,8 % болса, ерлердікі 3,1 %.
Фитнес-жаттықтырушы
айтарлықтай
жоғары
нәтижеге ие болды: 18 - 30 жас аралығындағылар
– 39,5 %; 31 - 45 жас аралығындағылар – 34,6 %;
46 - 59 жас аралығындағылар – 30,3 %; 60 және
одан жоғары жастағылар – 32,6 %. Дәрігерді
жоғары білімділердің көпшілігі (44,6 %), ал орта
білімі барлардың 38,2 % екі жыныс өкілдері үшін
де лайықты мамандық деп санайды.
Ең төменгі
таңдауға кенші (жоғары білімділер - 3,1 %, орта
білімділер - 2,9 %) мамандығы ие болды. Орыстар
да (39,4 %), қазақтар да (43,3 %) бірінші орынға
дәрігер мамандығын қойды. Ал басқа ұлт өкілдері
үшін (41,5 %) бірінші орында басшылық
мамандығы тұр. Ауыл тұрғындары (50,9 %) мен
қалалықтар (39,3 %)
бірінші кезекте дәрігер
мамандығын атап көрсетті. Ең төменгі орында
кенші мамандығы.
С.22. Сіздің ойыңызша Қазақстанда
ерлер мен әйелдер бірдей кәсіби
міндеттер үшін бірдей еңбекақы ала ма?
Достарыңызбен бөлісу: