Қазіргі қазақстандағЫ Әйелдер мен ерлерге қатысты саясат



Pdf көрінісі
бет50/56
Дата26.10.2022
өлшемі1,9 Mb.
#155048
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   56
 
 
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ 
40

Аналардың декреттік демалысқа кетуін 
респонденттердің көпшілігі (85,1 %) дұрыс деп
санайды. Тек 7,6 % ғана оны міндетті емес 
деген пікірде. Әйелдің декреттік демалысқа 
шығуы міндетті емес деп санайтындардың 
арасында әйелдерге қарағанда ерлер көбірек. 
Яғни олар әйелдер жұмысы мен сәбидің 
күтімін қатар алып жүре алады деген ойда. 
Әйелдердің 86 % декреттік демалысқа шығу 
қажет деп біледі.

Қаржылай жағдайы нашар тұрмыс құрмаған 
әйел жоспарсыз жүкті болып қалса, сәбиді 
дүниеге әкелуі керек пе, әлде жасанды түсік 
жасатқаны 
жөн 
бе 
деген 
сұраққа 
респонденттердің көпшілігі (85,1 %) әйел 
некелік жағдайына қарамастан баланы 
дүниеге әкелгені жөн деген пікірді білдірді. 
Тек 7,2 % ондай жағдайда түсік жасаудың жөн 
екендігін алға тартты. Пікірлердің мұндай 
бөлісі бізге әйелдің рөліне қатысты дәстүршіл 
көзқарасты көрсетеді. Ол көзқарас бойынша 
әйел ең алдымен басқа ештеңеге қарамастан 
ана болуға міндетті. Жоспарланбаған баланың 
дүниеге келуі жөн деп санайтын ерлердің 
үлесі әйелдерге қарағанда көбірек.

Қаржылай жағдайы нашар тұрмыс құрған 
әйел жоспарсыз жүкті болып қалса, сәбиді 
дүниеге әкелуі керек пе, әлде жасанды түсік 
жасатқаны 
жөн 
бе 
деген 
сұраққа 
респонденттердің көпшілігі (67 %) сол сәттегі 
жағдайға қарамастан сәбиді дүниеге әкелгені 
жөн деген пікірді қолдады. Бұл жайт бізге 
қазақстандық қоғамдағы баланың орны 
ерекше құнды деп түйіндеуге ерік береді.

Отбасында бала тәрбиесімен кім айналысуға 
тиіс деген сұраққа қатысты респонденттердің 
жауаптары жеткілікті деңгейде гендерлік 
бағытта болды. 90,5 % балаға ата-ананың 
екеуінің де тәрбиесі қажет деген пікірде. 
Сауалнамаға қатысқандардың тек 0,8 % ғана 
бала тәрбиесімен анасы айналысуға тиісті деп 
ойлайды. Бұл факт бізге бала тәрбиесіне ана 
мен әкенің екеуінің де қатысуына байланысты
жоғары деңгейдегі эгалитарлық қағидаларды 
көрсетеді. Әйтсе де қазақстандық қоғамда 
қыздың 
тәрбиесімен 
анасы, 
ұлдың 
тәрбиесімен әкесі айналысуға тиіс деген 
дәстүрлі қағиданың да бар екендігін айта 
кетуіміз керек.

Қазақстандық 
жанұяларда 
гендерлік 
рөлдердің дәстүрлі бөлісі бар. Сауалнамаға 
қатысқандардың 71,1 % үй шаруашылығының 
көп бөлігі ана мен әйелдің мойнында деген 
пікірде. Бар болғаны 3,2 % ғана үйдегі шаруа
эгалитарлық қағидалар бойынша бөлінуге тиіс 
деп санайды. Әйелдердің тек 22,4 %, ерлердің 
24,6 % үй шаруасы ерлі-зайыптылардың 
екеуінің де міндеті деп біледі. Көзқарастардың 
мұндай бөлінісі бізді тығырыққа тірейді. 
Себебі осының алдындағы сауал аясында 
респонденттер қазақстандық әйелдердің ең 
басты проблемасы кәсіби міндеттер мен үй 
шаруашылығын қоса атқару деп атап 
көрсеткен еді. Пікірлердің осындай қарама-
қайшылығы зерттеу нәтижелерін сараптау 
барысында жиі көзге түседі.

Қазақстандық БАҚ-тың ерлер мен әйелдердің 
бейнесін сомдауға тигізетін ықпалы туралы 
сұраққа респонденттердің көпшілігі ондай 
ықпалдың жоқ екендігін тілге тиек етті. Бұл 
мәселе жөнінде ойланбаған жандардың үлесі 
де жоғары. Жауаптардың бөлінісі бізге 
қазақстандықтардың ондай ықпалдың бар-
жоқтығына 
қатысты 
білімдерінің 
жоқ 
екендігін, 
сауалнамаға 
қатысқан 
қазақстандықтардың гендерлік бейнелердің, 
стереотиптер мен стандарттардың қалыптасу 
үдерісіне БАҚ-тың сөзсіз ықпалы бар екендігі 
туралы ойланбайтындықтарын көрсетеді.

Зерттеудің аясында сауалнамаға қатысқан 
қазақстандықтардың басым бөлігі мектепте 
де, колледжде де, жоғары оқу орнында да 
гендерлік бағыттағы пәндер мен курстарды 
оқымағандықтан гендерлік білімнен бейхабар.
Тіпті бүгінгі таңда республиканың колледждері 
мен ЖОО білім алып жатқандардың өздерінің 
гендерлік мәселенама жөнінде хабары аз. 
Ондай 
пәндерді 
оқыдым 
деген 
респонденттердің көпшілігі социологияны ең 
гендерлік 
бағыттағы 
пән 
ретінде, 
ал




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет