Қазіргі қазақстандағЫ Әйелдер мен ерлерге қатысты саясат



Pdf көрінісі
бет53/56
Дата26.10.2022
өлшемі1,9 Mb.
#155048
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
 
 
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ 
43
орталықтар) қарсы тұруға дайын болады. 
Орын алған жағдайдан шығу стратегиясының 
бірі қандай да бір отбасылық, репродуктивтік, 
демографиялық 
проблемаларға 
қатысты 
бастары қосылған акторлардың өзіндік 
рейтингісімен, 
абырой-беделімен, 
проблемаларды шешу жолдарымен бөлісетін 
әлеуметтік желісін – көршілер, туысқандар
достар секілді – сомдау болып табылады. 
Соның негізінде ресми құрылымдар мен 
күнделікті 
нақтылықтың 
арасында 
асимметриялық қатынастар қалыптасады. 
Мұндай 
жағдайда 
азаматтар 
ресми 
құрылымдар 
бекіткен 
ережелер 
мен 
тәртіптерді өзінің немесе балаларының өмірі 
үшін ықтимал жағымсыз салдардың алдын алу 
үшін зор назар аудара отырып сақтайды.
Ұсыныстар: 
 

Гендерлік теңсіздік проблемасының бар 
екендігіне қатысты Қазақстандық қоғамның 
терең ойланымы аса қажет. Гендерлік 
мәселенаманы айқын тұжырымдау үшін
Қазақстанда жүргізіліп отырған гендерлік 
саясатқа сыни баға беретін сарапшылар мен 
академиялық қауымдастықты, БАҚ, үкіметтік 
емес ұйымдарды, білім беру жүйесін іске 
тарту керек.

Халыққа гендерлік саясат жөніндегі мәліметті 
тарату үшін телевизияны бұрынғыдай ең 
басты, танымал және қол жетімді ақпарат көзі 
ретінде қолдану қажет. Алайда бұл тұста алуан 
түрлі топтар әртүрлі ақпарат көздеріне 
жүгінетінін естен шығармау керек. Мәселен,
18 - 30 жас аралығындағылар ғаламторды 
қолданса, басқа жас тобындағылар көбінесе 
телевизияға көңіл бөледі. Сонымен қатар 
гендерлік білімді өзекті ету үшін білім беру 
жүйесін белсендірек қолданған жөн. 

Қазақстан 
Республикасы 
Президенті 
жанындағы әйелдер істері мен отбасылық-
демографиялық саясат жөніндегі ұлттық 
комиссия Қазақстанда гендерлік саясатты 
жүзеге асырудың мақсат-міндеттері, әдістері 
мен жолдары жөнінде ақпарат таратуда 
халықтың барлық топтарымен түсіндіру 
жұмыстарын белсенді жүргізуі қажет. Ол үшін 
өзіндік сайт ашып, ақпараттық материалдар 
(буклеттер, 
брошюралар, 
үнпарақтар) 
дайындап шығарып, бұқаралық ақпараттық-
түсіндіру шараларын ұйымдастыру керек.

БАҚ, 
академиялық 
қауымдастық, 
ҮЕҰ 
қазақстандықтардың өмір сүру стильдері мен 
салттарының әртүрлілігін, сонымен қатар 
олардың заманауи нақтылыққа бейімделу
жолдарының ерекшеліктерін көрсету үшін
«басқа» әйелдер мен ерлердің (мигранттар, 
ауылда тұратын ерлер мен әйелдер, көп 
балалы 
ата-аналар, 
секс-индустрия
қызметкерлері 
және 
т.б.) 
тәжірибесін 
таныстыруы қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет