дермальды-эктодерма және ішкі гастральды-энтодерма
клеткалы
қабаттарынан құралған. Екеуінің аралығында
мезоглея деп аталатын
құрылымсыз, коймалжың зат орналасқан. Денесінің ішіндегі кең қуысты -
парагастраль қуысы деп атайды. Парагастраль қуысы сыртқы ортамен
оскулум (osculum) деп аталатын арнайы тесігі арқылы байланысады.
Губкаларға тән қасиет - денесінде көптеген саңылауларының (пораларының)
болуы. Осыған байланысты губкаларды кейде латынша Porifera - ұсақ
саңылаулы жәндіктер деп те атайды. Саңылаулары (поралары)
арқылы су
парагастраль қуысына еніп, оскулум арқылы қайтадан сыртқа шығады (27-
сурет).
Губкалардың сыртқы эктодерма қабаты пинакоцит деп аталатын
жалпақ клеткалардан құралған (28-сурет).
Олар эпйтелидің жабындық
қызметін атқара отырып, губканың ішкі ортасын сыртқы орта әсерлерінен
қорғап тұрады. Пинакоциттермен қатар ұзынша келген пороцит клеткалары
да дамыған. Олар пинакоцит клеткаларының бір түрі. Эктодерма қабатынан
энтодерма қабатына қарай созылып орналасқан.
Әрбір пороцит
клеткаларының ортасында түтікше болады, сол себептен пороциттер
губкалардың денесінде көптеген саңылауларды (пораларды) құрайды.
Пороциттер жиырылып саңылаулардың ашылып-жабылуына себепкер
болады.
Энтодерма қабаты хоаноцит деп
аталатын талшықты жағалы
клеткалардан
құралған (28-сурет). Бұл
клеткалардың құрылысы
қарапайымдылардың талшықтылар класы,
Choanoflagellata
отряды
өкілдерінің құрылысына өте ұқсас.
Достарыңызбен бөлісу: