Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет45/221
Дата28.10.2022
өлшемі1,28 Mb.
#155424
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   221
Байланысты:
Дәуітбаева К Омыртқасыздар зоологиясы 1 кітап

Көбеюі және дамуы.
Губкалар жынысты және жыныссыз жолмен 
көбейеді. Жыныссыз көбеюі бүршіктену арқылы жүреді. Дененің сыртқы 
қабатында бүршік пайда болады. Бүршіктің құрылысы губканың 
құрылысына ұқсас. Ол өсе келе аналық губканың денесінен бөлініп, 
субстратқа бекініп жеке тіршілік ете бастайды.
Көп жағдайда бүршіктер денеден үзілмей, аналықпен қарым-
қатынасын сактап - колония түзеді. Кейбір губкаларда бүршіктердің 
шекарасы жойылып, бүршіктер анасының денесімен бірігіп тұтас қомақты 
колонияға айналады, осындай колониядағы бүршіктердің санын 
оскулумдардың санына қарай білуге болады.
Сыртқы бүршіктенуден басқа іштей бүршіктену де кездеседі. Ол тұщы 
су губкасы - бадягада болады. Жаз бойы бадяга сырттай бүршіктену және 
жынысты жолмен көбейеді. Күзге қарай бадяганың мезоглеясында амебоцит 
клеткаларының жиынтығынан шар тәрізді ішкі бүршік - геммула пайда 
болады. Геммула қос мүйізді қабықшамен қапталынған, олардың 
аралығында ауа және кремнезем инелері болады (31-сурет). Инелердің 
көмегімен екі қабықшалары бір-бірімен бірікпейді. Қыста, қолайсыз 
жағдайда бадяга өледі де, денесі ыдырап, геммулалар судың түбіне шөгіп, 
өзінің қорғаныш қабықшасының арқасында көктемге дейін сақталады. Содан 
кейін, қолайлы жағдайда геммуланың ішіндегі клетка жиынтығы сыртқа 
шығып жаңадан губка дамиды. Геммуланың биологиялық маңызы - жылдың 
қолайсыз мезгілінен сақтануға бейімділігі.


31-сурвт.
 
Бадяганың геммуласы: 1 - Spongilla геммуланың сыртқы көрінісі 
(үлкейтілген); 2 - Ephydatia - геммуланьгының кесіндісі (үлкейтілген)
Жынысты жолмен барлық губкалар көбейеді. Губкалардың басым 
көпшілігі гермафродиттер (қос жыныстылар). Жыныс клеткалары мезоглея 
қабатында орналасқан археоцит клеткалардан пайда болады. Аталық 
гаметалар мезоглея қабатынан саңылаулар жүйелері арқылы парагастраль 
қуысына түсіп, одан судың ағынымен оскулум тесігі арқылы сыртқы су 
ортасына шығады. Жетілген жұмыртқасы бар басқа губканың денесіне еніп, 
оларды ұрықтандырады.
Ұрықтанған жұмыртқаның алғашқы даму кезеңі аналық организмнің 
ішінде өтеді. Ұрықтанған жұмыртқа толық және біркелкі бөліне отырып 8 
бластомерлерге бастама береді. Одан ары ұрық 8 майда үстіңгі және 8 ірі 
астыңғы бластомерлерге бөлінеді. Әрі қарай даму барысында майда 
бластомерлер ірілерге қарағанда тез бөліне бастайды. Осының нәтижесінде 
бір қабатты шар тәрізді ұрық - бластула түзіледі. Оның үстіңгі жартысы 
майда цилиндр тәрізді, талшықты, микромералар деп аталатын клеткалардан, 
ал төменгісі ірі дәнді, талшықсыз макромералардан тұрады. Губкалардың 
осындай құрылысты бластуласын - амфибластула деп атайды (32-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   221




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет