радиальды түтікшелердің жанында сезім мүшелері орналасқан. Олар
көзшелері және тепе-теңдік мүшелері.
Көзшелерінің құрылысы қарапайым, көздақтары деңгейіңце дамыған.
Эктодермальды пигментті және жарық сезгіш - ретинальды клеткаларының
қабаттасып орналасуынан түзіледі. Кейде пигмент клеткалары тереңірек
батып көз шұңқыры пайда болады. Ол көзшені закымданулардан сақтайды
және ретинальды клеткалары беткі қабатына жиналып, жарық сезгіш
қабілетін ұлғайтады. Кейбір түрлерінде (Sarsia туысынан) көз шұңқыры
эктодермальды клеткаларынан бөлінген мөлдір қоймалжың затқа толып, көз
жанарына (хрусталикке) айналады (37,В-сурет).
Статоцист деп аталатын тепе-теңдік мүшесі, эктодерма қабатының
сезгіш клеткаларынан құралған, көбікше пішіндес болып шатырдың
жиегіндегі қармалауыштардың түбінде орналасады (37,Б-сурет).
Статоцисттің қабырғасын құрайтын сезгіш клеткаларының бірі ішке
қарай сұйық ортасына өтіп, статолит деп аталатын ұсақ ізбесті тасшаға
айналады. Гидромедузаның денесі ауытқыған кезінде статолиттер өз қалпын
өзгертіп, сезім клеткаларына әсер етеді де, олар нерв клеткаларын қоздырып,
сол сәтте дене қайта тепе-теңдікке келеді. Сонымен қатар статоцист
шатырдың жиырылуын да реттеп тұрады, егер статоцисттерді кесіп тастаса,
онда гидромедузаның қозғалуы тоқтайды.
Достарыңызбен бөлісу: