Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет52/221
Дата28.10.2022
өлшемі1,28 Mb.
#155424
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   221
Байланысты:
Дәуітбаева К Омыртқасыздар зоологиясы 1 кітап

Көбеюі мен дамуы.
Гидралар жынысты және жыныссыз жолмен 
көбейеді. Жыныссыз көбеюі бүршіктену арқылы жүзеге асады. Денесінің 
бүршіктену белдеушесінің аймағында бірнеше бүршіктер пайда болып 
(гидраның құрылысына ұқсас), кейіннен олар аналық особь денесінен 
бөлініп, субстратқа бекініп, дербес тіршілік ете бастайды.
Күзге таман гидралар жынысты жолмен көбейеді. Ұрықтанған 
жұмыртқа қатты қабықпен қапталып, тыныштық күйде қыстап шығады да, 
көктемде ол бөлшектеніп, бластуладан кейін қос қабатты гаструла сатысында 
ересек түріне айналады.
Теңіз гидроидты полиптер отряды - Leptolida
Теңіз гидроидты полиптердің басым көпшілігі күрделі колониальды 
формалар, тек ұрпақ алмасуы - метагенез жолымен дамиды. Даму барысында 
гидроидты полип және гидроидты медуза қалыптасып, олар үнемі бір-біріне 
алмасып тұрады.
Гидроидты полип бұтақ тәрізді колония құрайды, себебі жыныссыз 
көбею нәтижесінде пайда болған бүршіктер аналық денеден бөлінбей-ақ өз 
кезегінде жаңа бүршіктерді бере бастайды.
Колониядағы әрбір бүршікті - гидрант деп атайды (36-сурет). 
Гидранттың құрылысы гидра құрылысына ұқсас: денесі эктодерма және 
энтодерма қабатынан құралған, ауыз тесігінің аймағында көптеген 
қармалауыштары болады, тек гастраль қуысы барлық дене бойынша созылып 
ортақ гастральды қуысымен жалғасады. Осы себептен, егер бір гидрант 
қорегін ұстап қорытса, корытылған ас бүкіл колонияға нәр береді.
Колонияның эктодермальды жабынды эпителий клеткалары ерекше - 
тека деп аталатын органикалық жұқа қабықты бөліп, колонияның сыртқы 
жабындысына айналады да, оның тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Теканың дамуына орай гидроидты полиптер отряды екі отряд 
тармағына бөлінеді. Егер тека колонияны тек гидрант құрылатын жерге дейін 
жауып тұрса - онда ол Athecata (текасы жок гидранттар) отряд тармағының 
белгісі, ал тека бүкіл колонияны және гидранттарды жауып тұрса - 
Тһесарһога (текасы бар гидранттар) отряд тармағының белгісі. Гидрант 


төңірегін коршап, жауып тұратын теканы гидротека дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   221




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет