Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет55/221
Дата28.10.2022
өлшемі1,28 Mb.
#155424
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   221
Байланысты:
Дәуітбаева К Омыртқасыздар зоологиясы 1 кітап

Классификациясы.
Гидроидтылар класс тармағы төрт отрядқа 
бөлінеді: гидра - Hydrida, теңіз гидроидты полиптер - Leptolida, 
гидромедузалар -- Trachylida, хондрофора - Chondrophora.
39-сурет. 
Гидроид Obelia-ның тіршілік циклі: А - жұмыртқа; Б - планула (личинка); В - 
гидрополиптің колониясы (1 - гидрант, 2 - бластостильден дамыған медузалар); Г - 
гидромедуза
Гидралар отряды - Hydrida
Тұщы суларда кең таралган полиптер. Колония құрмай жеке тіршілік 
етіп, жыныссыз және жынысты жолмен дамиды.
Негізгі өкілдері: кәдімгі гидра - Hydra vulgaris, сабақ тәрізді гидра - 
Hydra oligactis, жасыл гидра - Chlorohydra viridissima (клеткаларының ішінде 
тіршілік ететін бір клеткалы жасыл балдырлардың - зоохлореллалардың 
түсіне байланысты).


40-сурет.
Athecata отряд тармағындағы медузаның құрылыс схемасы және оның 
редукциялану формалары; [ - кәдімгі гидромедуза; II - медузоид; III - гонофора; IV - 
споросак
Теңіз гидроидты полиптер отряды - Leptolida
Бүкіл жер жүзіндегі теңіздерде кең таралған, тек Limnomedusae отряд 
тармағының кейбір түрлері тұщы суларда кездеседі.
Бұл отряд төрт отряд тармағына бөлінген: Athecata, Thecaphora, 
Limnomedusa, Hydrocorallia. Athecata және Thecaphora отряд тармағының 
өкілдері өте көп және теңіздегі жануарлар дүниесінде көрнекті орын алады. 
Бұлар метагенез жолымен дамиды. Гидроидты ұрпақтары ағашқа немесе 
бұтақтарға ұқсас колония құрып өседі де, қалың тоғай сияқтанып кетеді. 
Оның арасында неше түрлі организмдер қоныстанып, барлығы ерекше 
гидроидты тоғай биоценозын құрайды.
Athecata отряд
тармағының
Thecaphora-дан айырмашылығы: 
колониядағы гидранттардың гидротекасы дамымаған, жыныс бездері ауыз 
сабақшасында орналасқан, медузалары - антомедуза деп аталады, даму 
сатысында медузалық ұрпақтары редукцияға ұшырап, медузоида, гонофора, 
споросак деген формаларына айналады. Бұларға жататындар Tubularia, 
Sarsia, Branchiocerianthus, Clava, Cordylophora туыстары. Біздің Каспий 
теңізінде көп мөлшерде Cordylophora caspia түрлері мекендейді. Олар 
Балтық, Азов пен Қара теңіздердің суы тұщы жерлерінде де кең тараған.
Thecaphora отряд
тармағының колониядағы гидранттарының 
гидротекасы жақсы дамыған, жыныс бездері радиальды түтікшелер астында 
орналасқан, медузалары - лептомедуза деп аталады, полиптік және 
медузалық формалары кезектесіп, ұрпақ алмасу жолы жақсы дамыған. 
Бұларға жататын: Obelia, Sertularia, Mitrocoma туыстары.
Limnomedusae отряд тармағының медузалық ұрпақтары басым болып, 
полиптері колония құрмай жеке тіршілік етеді. Теңіздерде және тұщы 
суларда кездесетін бірнеше түрлері белгілі. Мысалы, тропиктік және 
субтропиктік тұщы су қоймаларында және тропиктік жануарлар мен 
өсімдіктер өсірілетін аквариумдарда, қолдан жасалған бассейндерде кішкене 
Craspedacusta медузасы кездеседі. Оның полиптік ұрпағы рудиментті - 
микрогидра деп аталады. Табиғи күйінде Craspedacusta Тульск облысынан, 
Дон өзенінен, Бұхара маңындағы су қоймаларынан табылған. Ал күйдіргіш 
күші бар улы медуза "крестовичок" -Gonionemus vertens Жапония теңізінің 
жағалауында, Курилл аралдарын қоршаған теңіздерде мекендейді.
Hydrocorallia отряд тармағының өкілдері қоңыржай және тропиктік 
теңіздерді жайлаған. Олардың медузалық ұрпақтары жойылған, полиптерінің 
эктодерма клеткалары ізбесті қаңқасын түзеп, колония бұталарының арасын 
толтырып, маржан полиптерге ұқсас, гидромаржандар деп аталатын 
колонияларды құрайды. Бұларға Stylaster, Allopora туыстары жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   221




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет