бетінде жүзіп жүреді, ал қолайсыз жағдайда газды сығып шығарады да,
жануар су түбіне шөгеді. Газды бөліп шығаратын пневматафораның түбіндегі
безді
клеткалар, ал оның бұлшықет талшықтарының жиырылып -
жазылуынан газдың көлемі көбейіп не азайып тұрады.
Пневматофораның астындағы сабақшада жүзу коңыраулары немесе
нектофоралары орналасқан.
Олар медузоидты формалы, тек ауыз тесігі,
қармалауыштары, сезім мүшелері редукцияланған. Шатыршасы жиырылып,
сифонофораның қозғалысын реттеп, оны алға қарай жылжытады (41-сурет).
Колонияның ас қорыту қызметін қоректендіруші
полиптер немесе
гастрозоидтар орындайды. Олар гидранттарға ұқсас, әрбір гастрозоидта
күшті атқыш клеткалары-
41-сурет.
Сифопофораның құрылысы: I - пневматофор, 2 - жүзгіш қоңырау (нектофор), 3
- жыныс особы (гонофор), 4 - қоректендіруші полип (гастрозоид), 5 - атқыш
клеткалармен жабдықталған жіпше, 6 -
жабын қақпақшасы, 7 - пальпон (цистозоид), 8 -
колонияның сабақшасы
мен (атқыш батареяларымен) жабдықталған қозғалмалы ұзын қармалауышы
немесе жіпшесі болады. Соның көмегімен ұсақ жәндіктер гастрозоидтың
гастраль қуысына түсіп, қорытылып колонияның барлық особьтарына
таралады. Жіпшесі қорғаныс қызметін де атқарады.
Колоннада гастрозоид тәрізді басқа да полиптік особьтары -
пальпондар немесе цистозоидтар орналасқан.
Олардың ауызы жоқ,
қармалауыштары тарамдалмай нашар жетілген. Нақты қызметі белгісіз, бірақ
зәр шығару қызметін орындайды деп жорамалдайды.
Сифонофоралардың жыныс особьтары немесе гонозоидтары медузоид
және гонофора құрылысты, жақсы дамыған. Колония бойында аталық пен
аналық
гонозоидтары кездессе, бұлар қос жыныстылар немесе тек аталығы,
не аналығы - дара жыныстылар болып келеді.
Жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді. Жыныс клеткалары суға
шығарылып, ұрықтанған жұмыртқадан планула личинкасы дамиды. Ол
күрделеніп, бүршіктену нәтижесінде зооидтар пайда болып колонияға
айналады. Сөйтіп сифонофоралар әр түрлі особьтарынан (зооидтардан)
құралған полиморфты колониальды жануарлар. Олардың особьтары реттесіп
орналасқан: жоғарыда пневматофора оның астында нектофоралары,
қалғандары топтасып кормидия түзейді.
Әрбір кормидия гастрозоид,
цистозоид және гонозоидтардан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: