тәрізді затқа толы. Осындай күрделі құрылысына қарамастан көздері тек
жарықтың өзгерістерін ғана ажырата алады.
Нерв жүйесі күрделіленіп шатырша жиегінде яғни ропалилердің
жанында нерв клеткаларының түйіні - ганглиялар түрінде дамыған.
Көбеюі және дамуы.
Сцифомедузалар - дара жыныстылар. Жыныс
бездері қарын қалталарьшда қалыптасып, жетілген жыныс клеткалары ауыз
тесігінен сыртқы су ортасына шығып ұрықтанады.
Зигота толық біркелкі бөлшектеніп бластула және гаструла ұрығын
түзеп, одан кірпікше түкпен жабылған личинка - планула пайда болады. Ол
кірпікшесінің көмегімен суда біраз уақыт жүзіп жүреді де денесінің алдыңғы
бөлігімен субстратқа бекініп, гидраға ұқсас сцифистома деп аталатын
полипоид кезеңіне өтеді (43-сурет).
43-сурвт.
Сцифомедуза Aurelia-ның даму циклі: 1-жұмыртқа, 2-планула (личинка), 3-
сцифистома (полип), 4-бүршіктенген сцифистома, 5-сцифистоманың көлденеңінен бөлінуі
(стробиляция), 6-жас медуза (эфира), 7-ересек медуза Aurelia
Сцифистома өсіп, оның денесі бірқатар көлденең бунақталып, бір-
біріне қабаттаса орналасқан диск тәрізді жас медузалар пайда бола бастайды.
Осындай көлденең бүршіктенуді стробиляция, ал осы сатыдағы полипты
стробила деп атайды.
Стробиляция нәтижесінде пайда болған жас медузалар бірте-бірте
сцифистомадан бөлініп шығып, еркін тіршілік ете бастайды. Олардың
шатырша шеті терең ойықталған, ішкі жүйелері толық дамымаған. Бұл -
эфира деп аталатын личинкалық сатысы. Эфиралардың шатырша шеті
тегістеліп, гастроваскулярлы жүйесі толық қалыптасып, жыныс клеткалары
жетіліп ересек медуза пайда болады.
Сцифистома мен медузоидты ұрпақтарының алмасуы нағыз
метагенездің белгісі. Сцифистома бекініп тіршілік ететін, тек қана жыныссыз
стробиляция жолымен көбейіп медузаларды қалыптастыратын формалары
және тез өтіп кететін, нашар білінетін сатысы. Медузалар - еркін тіршілік
ететін,
тек
қана жынысты жолмен көбейіп сцифистомаларды
қалыптастыратын формалар, оның кезеңі әлде қайда басымырақ болып
келеді. Сөйтіп аурелия аурита ұрпақ алмасуы - метагенез жолымен, яғни
жыныссыз көбею мен жынысты көбеюдің кезектесіп отыруы арқылы
дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: