байланысты. Сарыуыздар нағыз жүмыртқа клеткаларға қорек ретінде қызмет
етеді. Сірә, эволюция процестері нәтижесінде көптеген жұмыртқа бездерінің
бірнеше бөлімі дамымай, басқа жынысты
жұмыртқаларға қорек болған,
соның нәтижесінде жұмыртқа бездері нағыз жұмыртқа бездеріне және
көптеген сарыуыз шығарғыштарға /клеткалары - абортивті жұмыртқалар/
айналған. Жұмыртқа бездерінен артқа қарай бағытталған және сарыуыз
бездерінің жіңішке түтікшелерін қосып алатын екі жұмыртқа жолы тарайды.
Жұтқыншақтың артқы жағында екі жұмыртқа
жолы жыныс клоакасына
ашылатын жыныс қынабына қосылады. Соңында, жыныс клоакасына
басқа особьтың тұқымдары жиналатын тағы бір қалташық - копулятивті
қалтасы ашылады (52, Б-сурет). Әрбір ұрықтанған
жұмыртқа клеткасы
сарыуыз клеткаларымен қоршалып, жалпы қабықпен /скорлупамен/
қапталады. Соның нәтижесінде күрделі жұмыртқа түзіледі. Ол жалғыз
турбелляриге емес, барлық құрттарға тән. Ұрықтануы - іштей. Жұмыртқалар
бір-бірден немесе топталып шоғырланып шығарылады, әрбір шоғыр тығыз
қабатпен оранып пілләге /кокон/ айналады.
Піллә судағы заттарға,
өсімдіктерге бекінеді.
Ішексіз турбелляридің жыныс жүйесі ерекше құрылысты. Жыныс
клеткалары тікелей паренхимада, жыныс бездерін түзбей орналасады. Кейде
жыныс жолдары да болмайды. Кейбір ішексіз турбелляриде (Асоеіа) жыныс
тесіктері болмағандықтан ішекқуыстыларға тән жыныс жұмыртқалары
ауыздан немесе дене тесіктерінен сыртқа шығарылады.
Ұрықтану әдісі де ерекше: бір особьтың шағылыс мүшесі екіншісінің
тікелей терісіне немесе паренхимасына енгізіледі.
Сперматозоидтар
жұмыртқаларға өздері жетіп, оларды ұрықтандырады. Жұмыртқалар толық,
бірақ біркелкі емес спиральды түрде бөлінеді. Гаструла құрылғанға дейін
жұмыртқа бластомерлері эктодерма түзілетін микромераларға және
энтодерма мен мезодермаға бастама беретін 4 макромераларға бөлінеді.
Көп тарамды ішекті турбелляридің (Polycladida)
дамуы метаморфоз
арқылы жүреді. Жұмыртқадан "мюллер" деп аталатын личинка шығады.
Личинканың денесі жұмыртқа тәріздес, арқа құрсақ бағытында ығыспаған,
ішегі тарамдалмаған. Ауыздың алдыңғы жағында 8 ұзын қалақшалары
дамыған (56-сурет). Олардың бос шетінде кірпікше түктері болады. Личинка
планктонда еркін жүзіп жүріп, кішкене турбелляриге айналған соң ғана су
түбіне түседі. Басқа турбеллярилер личинкасыз дамиды.
Кейбір турбелляриялар (Macrosto-mida отряды) қайта-қайта көлденең
бөлінуі арқылы жыныссыз көбеюге бейім. Толық бөлінгенге дейін, денесінің
артқы жартысында мүшелердің қалыптасуы байқалады: клеткалардың жұп
шоғыры пайда болып - ми ганглиялары түзіліп, оның үстінде көзі
қалыптасып, жұтқыншақ бастамасы пайда болады. Тек осыдан кейін ғана
бөліну басталады. Мүшелердің қалыптасуы мен түзілуі алдын ала жүрген
Достарыңызбен бөлісу: