Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет89/221
Дата28.10.2022
өлшемі1,28 Mb.
#155424
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   221
Байланысты:
Дәуітбаева К Омыртқасыздар зоологиясы 1 кітап

Классификациясы.
Сорғыштар класы екі класс тармағына бөлінеді.
ДИГЕНЕТИКАЛЫҚ СОРҒЫШТАР НЕМЕСЕ ҚОСЕЗУЛЕР КЛАСС 
ТАРМАҒЫ - DIGENEA
Бұлардың өкілдері екі сорғышымен, иелерін ауыстыруымен және 
ұрпақтары кезектесіп, күрделі дамуымен ерекше. Класс тармағы көлемінде 
өте көп түрлері белгілі, негізінде адамның және омыртқалы жануарлардың 
ішкі паразиттері. Басты өкілдері: бауыр сорғыш - Fasciola hepatica, ланцет 
тәрізді сорғыш - Dicrocoe-lium lanceatum, мысық немесе сібір қосезуі - 
Opisthorchis filineus, қан косезуі -Schistosoma haematobium, т. б.
Бауыр сорғыш - Fasciola hepatica, 3-5 см, ірі, жапырақ тәрізді құрт. Ірі 
қара малдардың, қойдың, кейде адамның да бауырының өт жолдарында 
тіршілік етеді. Мүшелері көп тарамдалған: ішегі, зәр шығару және жыныс 
жүйесі. Fasciola hepatica - жаппай эпизоотияға себепші болады. Эпизоотия - 
мал індеті, жұқпалы аурулардың қалыптан тыс ұлғайып кету құбылысы. 
Паразиттің патогенді әсері арқасында - өт жолдары бітеліп, өттің өтуі 
қиындауынан, жануарлар бауырдың қапы ауруға шалдығуынан өліп қалады. 
Эпизоотиялар жаңбырлы жылдары көп болады. Адамдарда бауыр сорғышы 
сирек кездеседі, ал ауруға шалдығу уақытша су қоймаларынан адолескария 
личинкасын жұтқаннан болады. Бауыр сорғыш құрттардың жұқтыратын 
ауруларды - фасциолез деп атайды. Жас малдарға фасциолез ауруы өте 
қауіпті.
Ланцет тәрізді сорғыш - Dicrocoelium lanceatum ұзындығы 0,5-1,2 см, 
адамның, ірі қара малдың, қойлардың, ешкілердің, үй қояндарының 
бауырында, өт жолдарында паразитгік тіршілік етеді. Олар дикроцелиоз 
деген ауруды тудырады. Алғашқы аралық иесі құрлықта тіршілік ететін 
моллюскалар, екінші аралық иесі құмырсқалар.
Мысық немесе сібір қосезуі
- Opisthorchis felineus иттің, мысықтың 
және адамның бауырында, өт жолдарында паразиттік тіршілік етеді. 
Ұзындығы - 8-13 мм, ені - 1,2-2 мм. Негізгі ерекшелігі аталық бездері 
жапырақ формалы болып, артқы дене бөлігінде орналасуы (61,А-сурет). 
Сорғыштың бірінші аралық иесі Bithynia leachi ұлуы, ал екіншісі - балықтар. 
Адамның ауруға шалдығуы - метацеркариі бар шала піскен балықты 
жегеннен. Описторхис адамға патогенді әсер етеді, ал паразиттердің саны 
көп болса, өліммен аяқталуы мүмкін. Бір адамда 75000 сорғыштардың 
табылғаны туралы деректер бар. Мысық сорғышы Сібірде, Еуропаның 
Шығыс және Оңтүстік аудандарында таралған. Описторхоз ауруына 
ұшыратады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   221




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет