Бұл класс
өкілдерінің бәрі де паразиттер, олар омыртқалы және
омыртқасыз жануарлардың әр түрлі ішкі мүшелерінде паразиттік тіршілік
етеді. Сорғыштарға 4000 түр жатады. Сорғыштардың
көпшілігі бірнеше
миллиметрдей ғана, бірақ кейде бұл құрттардың ірілері де болады. Мысалы,
бауыр сорғыш құрттардың ұзындығыЗ см, кейбір бауыр сорғыштары 1,5 м-ге
дейін жетеді (Didymozoidea тұқымдасынан).
Құрылысы мен физиологиясы.
Дене формасы көбінесе жапырақ
тәрізді. Бұлардың сорғыштары болғандықтан кластың атауы да солай.
Сорғыштар ойыстау болып, шет қабырғалары
бұлшықет талшықтарынан
құралған, сақина тәрізді бұлшықеттерімен көмкерілген. Осы бұлшықеттердің
қозғалысы арқылы сорғыштар үлкейе де, кішірейе де алады.
Денесінің алдыңғы және құрсақ бөлімдерінде бір-бір сорғыштары бар,
яғни ауыз және құрсақ сорғыштары. Олар бекіну мүшелері болып табылады,
себебі осы сорғыштар арқылы құрттар иесінің денесінде бекініп тұрады.
Көпке дейін трематодтардың денесі эпителиальды клеткалардан бөлінетін
қорғау функциясын атқаратын қатты зат - кутикуламен қапталған деп
есептелді. Электронды микроскоп арқылы зерттеулер ол көзқарастың дұрыс
емес екенін көрсетті. Трематодтардың,
жамылғысы - тегумент, кейбір
турбеллярилердің батқан эпителиіне сәйкес келетіні анықталды, бірақ,
паразиттік тіршілік етуіне байланысты кірпікшелері болмайды. Тегументтің
сыртқы бөлігі - көптеген митохондрия
мен вакуольдері бар ядросыз
цитоплазмалы қабат. Бұл қабат цитоплазманың өсінділері арқылы
паренхиманың ішіне батып жатқан ядросы бар цитогтлазмамен байланысады
(58-сурет). Сонымен, трематодтардың тегументі турбелляриялардың батып
жатқан эпителиі сияқты синцитий болып табылады.
Тегументтің жоғарғы
қабатында кейде кутикулярлы тікенектері болады - бұлар паразиттердің
қосымша бекіну мүшелері. Бұл қабаттың астында базальды мембрана, оның
астында сақина және ұзына бойы бұлшықеттер орналасқан. Тері - бұлшықет
қапшығы мен паренхиманың құрылысы кірпікшелі құрттарға ұқсас.
Сорғыштар аз қозғалады.
58-сурет.
Бауыр сорғыштың (Fasciola hepatica) көлденең кесілген бір бөлшегі: 1 -
тегументтің сыртқы бөлігі, 2 - базальды мембрана, 3 - тегументтің
паренхиманың ішіне
батқан бөлігі, 4 - сақина тәрізді бұлшықеттері, 5 - ұзына бойы бұлшықеттері, 6 -
цитоплазмалық өткізгіш жолдары, 7 - ядро, 8 - митохондриялар, 9 - кутикулярлы тікенек,
10
- клетка аралық зат
Достарыңызбен бөлісу: