жолдары ашылатын қалақ тәрізді өсінділерден немесе кішкене сорғыштардан
тұрады. Ішкі құрылысы дигенетикалық сорғыштарға өте ұқсас.
Жамылғылары трематодтардікі сияқты - тегумент.
Денесінің алдыңғы бөлімінде орналасқан ауыз қуысы көптеген бүйір
өсінділермен тарамдалатын қапшық тәрізді
немесе қос тарамды ішекке
жалғасқан.
Зәр шығару жүйесі
протонефридиялы: негізгі экскреторлы түтіктер
денесінің алдыңғы бөлімінде екі зәр шығару саңылауларымен аяқталады.
Нерв жүйесі
ортогон типті: ми ганглиясынан өзара көлденең сақина
өсінділермен байланысқан, үш жұп ұзына бойы бағаналар басталады.
Дененің алдыңғы бөлімінде бір-екі жұп инвертирленген көздері болғанның
өзінде де, сезім мүшелері нашар дамыған.
Жыныс жүйесі
- гермафродитті. Бір немесе
көптеген аталық тұқым
бездері мен жалғыз жұмыртқа безі болады. Сарыуыз бездері жақсы дамыған
(62-сурет). Сперматозоидтар шағылысу нәтижесінде қынап арқылы оотипке
түседі, ал жұмыртқа клеткалары оотипке үздіксіз түсіп тұрады. Құрттың
алдыңғы үштен бір бөлігінде
жыныс тесігі орналасады, оған жатынның
соңғы бөлімі мен хитинді ине-ілмешектерімен қаруланған аталық шағылыс
мүшесінің шеткі бөлімі ашылады.
Достарыңызбен бөлісу: