бірге сыртқа шығарылып тұрады, ал үзілген буынның орнына келесі буындар
жетіледі, себебі мойын бөлімінен үздіксіз жаңа буындар түзіліп, олар артқа
қарай ығысып, пісіп жетіліп тұрады.
Басы немесе сколекс домалақ, сүйір, жалпақ пішінді болып келеді.
Басы қадалып, жабысатын мүшелерімен қаруланған, олар: бұлшықеттері бар
сорғыштар; ботридиялар - ерекше үзын қысқыш аппараты; ботрия немесе
сорып
қадалатын саңылау; тіркелгіш шұңқырлар; ілмешектер;
имекқармақшалар; тістер, т.б. (63-сурет).
Таспа құрттардың тері жабындысы трематодтар мен моногенеяларға
ұқсас болады, тек тегументгің сыртқы ядросыз цитоплазмалық қабатының
бетіңде көптеген кірпікшелі өсінділері бар. Кірпікшелі өсінділер -
микротрихиялар деп аталады, өте сақ, тек электронды микроскоп арқылы
көрінеді, құрттың коректенуінде маңызды қызмет атқарады.
Базальды мембранасының астында бұлшықет талшықтарының
шумағынан құрылған тері-бұлшықет қабы жатады. Оның ішінде сақина
тәрізді және ұзына бойы созылған бұлшықеттер қабаты, сонымен қатар арқа-
құрсақ (дорзо-вентральді) бұлшықеттері де орналасқан (64-сурет). Құрттар
бұлшықеттерін жиырып қозғалады.
Достарыңызбен бөлісу: