Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал


Кариофилидеа отряды - Caryophyllidea



Pdf көрінісі
бет102/221
Дата28.10.2022
өлшемі1,28 Mb.
#155424
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   221
Байланысты:
Дәуітбаева К Омыртқасыздар зоологиясы 1 кітап

Кариофилидеа отряды - Caryophyllidea
Бұл отрядтың негізгі өкілі Caryophyllaeus laticeps - қалампыршы. Денесі 
буындалмаған, бір ғана жыныс жүйесі болады, сколексі дамымаған. Ли-
чинкасы - процеркоид. Ересек формасы тұқы балықтардың ішегінде, ал 
процеркоид личинкасы азқылтанды буылтық құрттың қуысыңца тіршілік 
етеді.
Тетрафилидеа отряды - Tetraphyllidea
Сколексі күшті дамыған, төрт күрделі келген ботридиялары қысқа 
сабақшаларда орналасқан. Денесінің ұзындығы 10-30 см. Ересек түрлері 
жайын балықтарының, қосмекенділердің, бауырымен жорғалаушылардың 
ішегінде тіршілік етеді.
Төрт тұмсықты цестодалар отряды - Tetrarhynchidea
Сколексіңде сорғыш ойығы мен төрт ұзын тұмсығы болады. 
Тұмсықтары ерекше қуыс қалтаның ішіне тартылып тұрады. Ересек 
формалары селахидің (жайын балыктар) ішегінде, ал личинкалары теңіз 
омыртқасыздарының мүшелерінде тіршілік етеді.
Жоғарыда сипатталған жалпақ құрттардың көптеген түрлері адам өмірі 
үшін, балық, үй жануарларының және кәсіптік (ауланатын) аңдардың 
тіршілігі үшін аса қауіпті паразиттері болып келеді. Құрттармен ауырған 
ауруларды - гельминтозды аурулар деп атайды, солардың ішінде трематодоз, 
цестодоз, нематодоз аурулары кең тараған. Олармен күресу шаралары әрбір 
жеке паразиттің өзіне тән ерекшеліктерімен байланысты болу керек.
Гельминтоз аурулары Қиыр Шығыста, Сібірде, Қазақстанда, 
Қырғызстанда, Башқұртстанда, Азербайжанда, Украинада, Молдавияда т.б. 
кездеседі. Гельминтоздан сақтанудың жолы - гигиеналық шараларды 
мүлтіксіз орындау болып табылады: жеміс-жидектер мен көкөністерді 
міндетті түрде жуып жеу; балық пен ірі қараның етін толық пісіріп, қуырып 
жеу; кез келген ағын суды ішпеу; үнемі тазалықты сақтау; тағамдарды дұрыс 
дайындау; су қоймаларын, мал-қораларын, әжетханаларды таза ұстау, т. б. 
Халық арасында осы ауру туралы санитарлық-ағарту насихатын жолға қою - 
міндетті іс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   221




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет