Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет101/221
Дата28.10.2022
өлшемі1,28 Mb.
#155424
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   221
Байланысты:
Дәуітбаева К Омыртқасыздар зоологиясы 1 кітап

71-сурет.
Таспа құрттың (Diphyllobothrium latum) даму циклі: 1 - жұмыртқа, 2 - 
корацидияның жұмыртқадан шығуы, 3 - корацидий, 4 - бірінші аралық иесі - циклоп 
(қуысында личинка продеркоид), 5 - екінші аралық, иесі - балық (ішкі мүшесінде личинка 
плероцеркоид), 6 - негізгі иесі - адам
Diaptomus туыстастарынан). Циклопка жұтылып, ішегіне түскен 
корацидий кірпікшелерін тастап, ішектің қабырғасын тесіп, циклоптың дене 
қуысына түседі және осында процеркоид деп аталатын құрттәрізді 
личинкасына ауысады. Процеркоидтың ұзындығы 0,5 мм, денесінің, соңында 
алты ілмешекті тасымалдайтын қосымша мүшесі болады, ол моногенея 
личинкаларының церкомер бөліміне ұқсас. Процеркоид үш апта уақытта 
дамып, келесі сатысына өту үшін екінші аралық иесіне - балықтың денесіне 
түсуі керек. Егерде балықтар (шортан, нәлім, алабұға, таутан, албырт) ішінде 
процеркоиды бар циклоптарды жұтса, онда процеркоид балықтың ішегін 
тесіп балықтың бұлшыкеттеріне, жыныс бездеріне, басқа да мүшелеріне өтіп, 
осы мүшелерінде церкомер бөлігін тастап, келесі плероцеркоид личинкасына 
айналады. Плероцеркоидтың ұзындығы 1-1,5 см, алдыңғы бөлігінде екі 
сорғыш саңылауы жақсы дамыған. Плероцеркоид ересек формасына өту 
үшін енді негізгі (түпкілі) иесі - адамның, иттің, мысықтың ішегіне түсуі 
қажет. Толық қуырылмаған немесе пісірілмеген балықтың етімен бірге 
ішекке түскен плероцеркоид, басын шығарып, сорғыш саңылаулары арқылы 
ішекке жабысып, мойыны жаңа буындарды түзіп, ересек формасына 
айналады.
Жалпақ таспа құртпен ауыруы - дифиллоботриоз деп аталады. Адам 
үшін бұл өте қауіпті ауру.
Ligulidae туқымдасына жататын лигула немесе белдік курт (LJgula 
intestinalis)
кұстардың және балыктардың паразиті болып келеді. Денесі 
сыртынан бунақталмаған, бірак ішкі мүшелері, жыныс жүйесі метамерлы 
қайталанып орналасқан, ұзындығы 1 м-ге дейін жетеді. Басында екі 
саңылауы - ботриясы болады.
Лигуланың даму циклі дифиллоботриумнің дамуына ұқсас. Лигуланың 
ересек түрі су құстарының (шағала, қасқалдақ, құтан) ішегінде паразиттік 
тіршілік етеді. Ұрықтанған жұмыртқалар иесінің ішегінен нәжіспен араласып 
суға түседі. Жүмыртқадан денесі кірпікшелермен қапталған алты ілмекті 
ұрық корацидий шығып, әрі қарай дамуы үшін аралық иесінің - циклоптың 
немесе диаптомус шаянның денесіне түсуі керек. Циклопқа жұтылып ішегіне 
түскен корацидий, кірпікшелерін тастап, ішектің қабырғасын тесіп, дене 
қуысына түседі де, процеркоид личинкасына айналады. Балықтар (тұқы 
тәрізділер) процеркоиды бар циклоптарды жұтқан кезде олардың ішегінде 
процеркоидтар босап, ішегін тесіп балықтың ішкі қуысына түсіп плероцер-
коид личинкасына айналады. Плероцеркоидтың ұзындығы 60-80 см-ге дейін 


жетеді. Балықтар лигулез ауруымен ауырады. Қүстар плероцеркоиды бар 
балықтарды жұтқанда өзіне жұқтырады. Олардың ішегінде плероцеркоид 
ересек құртқа айналып, зақымдай бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   221




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет