Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал


ЦЕСТОДАТӘРІЗДІЛЕР КЛАСЫ - CESTODARIA



Pdf көрінісі
бет103/221
Дата28.10.2022
өлшемі1,28 Mb.
#155424
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   221
Байланысты:
Дәуітбаева К Омыртқасыздар зоологиясы 1 кітап

ЦЕСТОДАТӘРІЗДІЛЕР КЛАСЫ - CESTODARIA
Дене құрылысы жағынан таспа құрттарға өте ұқсас. Негізгі 
ерекшеліктері: денесі буындалмаған; жыныс жүйесі қайталанбай бір 
комплексті болып келеді; ұрығының онкосфера сияқты алты емес, он 
ілмешегі болады, сондықтан ол ликофора деп аталады. Класс екі отрядқа 


бөлінеді: Gyrocotylidea және Amphilinidea.
Гирокотилида - Gyrocotylidea отрядының өкілдері химер балықтардың 
ішегінде паразиттік тіршілік етеді. Денесінің артқы жағында қатпарланған 
жапырақ тәрізді тіркелгіш дискісі бар, алдыңғы жағында сорғышы.
Амфилинида - Amphilinidea отрядының негізгі өкілі - Amphilina 
foliacea. Бекіре балықтарының дене қуысында тіршілік ететін паразит, 
ұзындығы 5 см, жапырақ тәрізді. Ликофора ұрығы аралық иесінің 
(шаянтәрізділердің) ішінде процеркоид личинкасына дейін дамиды. Аралық 
иесін жұту арқылы процеркоид бекіренің дене қуысына өтіп, ересек 
формасына айналады. Амфилина, Еділ-Каспий бассейнінде және Сібір 
өзендерінде кең тараған.
ЖАЛПАҚ ҚҰРТТАР (PLATHELMINTHES) ТИПІНІҢ 
ФИЛОГЕНИЯСЫ
Жоғарыда сипатталғандай жалпақ құрттар типіне 5 класс жатады: 
кірпікшелі құрттар (Turbellaria), сорғыштар (Trematoda), моногенетикалық 
сорғыштар (Monogenoidea), таспа құрттар (Cestoda), цестодатәрізділер 
(Cestodaria). Соңғы 4 класс өкілдері нағыз паразиттер.
Жалпақ құрттардың филогенетикалық негізін кірпікшелі құрттар 
(Turbellaria), оның ішінде тік ішекті (Rhabdocoela) турбеллярилер құрайды 
деп ғалымдар жорамалдайды. Осылардан жалпақ құрттардың эволюциялық 
дамуы бірнеше бағытта жүрген болуы мұмкін. Сірә қазіргі уақыттағы 
паразиттік тіршілік ететін жалпақ құрттар мен тік ішекті турбелляриялар 
ортақ бір арғы тектен, морфологиялык жағынан жақын еркін қозғалатын 
формалардан бастама алған болар. Бұларда эволюциялық даму үш бағытта 
жүрген: бір бұтағы қазіргі кездегі кірпікшелілерге алып келген, қалған екеуі - 
паразиттік тіршілік етуге бейімделу бағытында болған (сорғыштар мен таспа 
құрттар).
Еркін қозғалатын жануарлардың паразиттік тіршілікке ауысуы бірнеше 
бағытта өтуі мүмкін. Бұл жерде симбиоз түрі маңызды орын алады. Мысалы, 
суда (немесе теңізде) өз бетінше тіршілік етіп жүрген кішкене құрттар белгілі 
бір жағдайлармен өзінен ірі жануардың (балықтың) денесін паналайды. 
Алғашқы кезде сол жерлерде жиналған ұсақ омыртқасыздармен, балық 
денесіндегі сілекеймен қоректенеді. Қоректің үнемі жетіспеушілігінен, олар 
балық денесін жарақаттап, ондағы таусылмас қорек қорын пайдалана 
бастайды. Иесінің қанымен, тканьдерімен қоректенуге көшіп, олар нағыз 
паразиттерге айналады.
Ертедегі моногенейдің паразитизмге көшуі шеміршекті балықтардың 
(химер және акула) шығуымен байланысты, яғни силур мен девон дәуіріне 
сәйкес келеді. Monogenoidea класының эволюциясының негізгі бағыты 
иесінің денесіне бекінуін қамтамасыз ететін мүшесінің дамуымен 
анықталады.
Эволюция барысында балықтардың желбезектерінде паразиттік 
тіршілік еткен құрттар иесінің ауыз қуысы мен ас қорыту жолына біртіндеп 


көшу процесі де болған. Филогенездегі - бүл эктопаразитизмнен иесінің 
ішегіне, ішкі мүшелеріне паразиттік тіршілікке көшудің негізгі жолы. Тек 
осындай жолмен ғана ертедегі моногенея тәрізді арғы тектерден цестода мен 
цестодатәрізділер пайда бола алады. Соңғысының маңызы ерекше, себебі 
химердің ішегінде паразиттік тіршілік ететін Gyrocotyle-нің құрылысындағы 
моногенетикалық сорғыштар мен таспа құрттардың құрылысына ұқсастық 
белгілерінің болуы таң қалдырады. Gyrocotyle екі класс - Monogenoidea мен 
Cestoda-нын, арасындағы сатысы деп қарастыруға болады.
Сорғыштар (Trematoda) класының өкілдері құрылысы жағынан және 
еркін өмір сүретін личинкаларының (мираиидий) эпителиінде кірпікшелі 
түкшесінің болуы, олардың кірпікшелі құрттармен филогенетикалық бай-
ланыстары бар екендігін де дәлелдейді. Бұл ұқсастықтарына қарағанда 
сорғыштардың кірпікшелі құрттардан шыққаны, оның ішінде тік ішекті 
(Rhabdocoela) турбелляриялардан шыққаны анық. Бірақ трематодтардың 
тіршілік циклі паразитизмге бейімделушілік бағытына қарай жүрген. 
Алғашқы кезде дигенетикалық сорғыштардың турбелляриге ұқсас 
личинкалары қорғаныш ретінде моллюскалардың сауыттарын қолданып, 
симбиоз ретінде тіршілік еткен болуы мүмкін. Соның нәтижесінде олар 
моллюскалар желбезегіне тіркеліп, сыртқы ортаның қолайсыз әсерінен 
қорғана отырып, иесінің мүшелерін қорек қоры ретінде пайдалану бағытына 
қарай жүрген. Бұл трематодтарды эволюциялық жаңа бағытпен дамытты. 
Трематодтардың алғашқы филогенетикалық иесі моллюскалар болуы тиіс. 
Трематодтардың арғы тектерінде еркін қозғалатын ұрпақ сақталатындықтан, 
тіршілік циклінде екі жыныс ұрпақтарының алмасуы болады (моллюскалар 
мен омыртқалылар). Гермафродитті ұрпақтың паразиттік тіршілікке кеш 
көшуі - жалпақ құрттарға тән құрылыс ерекшеліктерін сақтап қалуына әсер 
етті (ас қорыту, зәр шығару, жыныс, нерв жүйесін).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   221




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет