Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет106/221
Дата28.10.2022
өлшемі1,28 Mb.
#155424
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   221
Байланысты:
Дәуітбаева К Омыртқасыздар зоологиясы 1 кітап

Зәр шығару жүйесі
протонефридиялы. Денесінің алдыңғы екі 
бүйірінде арнайы тесігі бар екі зәр шығару түтіктері орналасқан. Олардан 
дене ішіне көптеген қосымша түтікшелер тарайды да, тұйықталған жұлдыз 
тәрізді - терминальды клеткалармен аяқталады. Түтікшелердің ұштары 
бүйірлік қан тамьфларымен тығыз байланысты болады, соның нәтижесінде 
қандағы зат алмасу процесінің жиналған қалдықтары зәр шығару жүйесіне 
өтеді.
Тыныс алу мүшесі жоқ.
Қан айналу жүйесі
немертиндерде бірінші рет дамыған, осы 
белгісімен олар жалпақ құрттардан ерекше. Негізінде үш қан тамыры 
болады: арқа және екі бүйірлі. Олар бір-бірімен дененің алдыңғы жағында 
бірігіп бүкіл дене бойында көлденең қосқыш қан тамырлары арқылы 
байланысады. Қан айналу жүйесі қоректік заттарды тасымалдайды, сонымен 
қатар қан түйіршіктерінде әр түрлі тыныс алу пигменттерінің, әсіресе 
гемоглобиннің болуы тыныс алу қызметін де атқарады деп санауға болады.
Нерв жүйесі
жақсы жетілген. Орталық бөлімін екі жұп церебральды 
ганглиялар құрайды. Олардың бірінші жұбы тұмсық қынабының үстінде, ал 
екінші жұбы оның астында орналасып, екі нерв талшықтарымен 
байланысқан. Церебральды ганглиялардан артқа қарай екі бүйір нерв 
бағаналары өтеді, олар тері-бұлшықет қабының немесе паренхима 
аралығында орналасады. Ұзын нерв бағаналары көптеген көлденең, сақина 
тәрізді комиссуралармен байланысып, ортогон типті нерв жүйесін құрайды.
Сезім мүшелері 
құрамына: екі бүйір саңылауы, церебральды мүшелері 
және көздері кіреді. Бүйір саңылаулары мен церебральды мүшелері басының 
бүйір жағында орналасып, кірпікшелі эпителимен қапталған, тек 
церебральды мүшелері ішке қарай тереңірек батып, жіңішке түтікшелер 
арқылы церебральды ганглияларымен тығыз жанасып жатады. Осы екі 
мүшенің көмегімен жануар судың химиялық құрамының өзгерісін және 
қорегін сезеді. Церебральды мүшелер эндокриндік жүйенің қызметін 
атқарады деген болжам бар.
Көздері 2, 4 немесе одан да көп. Олардың құрылысы 
турбелляриялардың көздерінің құрылысына ұқсас келеді.
Теңіз түбінде тіршілік ететін немертиндерде сипап сезу мүшелері де 
жақсы жетілген. Сезім талшықтары бар клеткалар денесінде шашырап 
орналасқан.
Немертиндер дара жыныстылар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   221




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет