Бас бөлімінің екі бүйір жағында химиялық сезім мүшелері -
амфидалары жатады.
Олар терінің батыңқы жері, нервтермен жабдықталған
және әр түрлі пішінді: қалта тәрізді, ілмек, спираль, саңылаулы, жұмыр (77-
сурет). Амфидалар аталық түрлерінде ерекше жақсы дамыған және олардың
жәрдемімен аналықтарын табады.
Фазмидалар немесе бір клеткалы құйрық бездері қүйрық бөлімінің екі
бүйір жағында орналасқан. Олар ерітінді күйіндегі химиялық заттарды
сезеді.
Теңізде тіршілік ететін нематодтардың кейбір түрлерінде көзшелер
немесе жарық сезгіш пигментті дақтары болады.
Кейде оның пигментті
бокалы және кутикулалы линзасы ажыратылған.
Нағыз жұмыр құрттар негізінен дара жыныстылар және жыныс
диморфизмі айқын байкалады. Аталықтары ұсақ, жіңішке, денесінің соңғы
ұшы құрсақ жағына иіріліп (қайырылып) келген. Аналықтарының денесі ірі,
жуан, созылыңқы.
Жыныс жүйесі
түтік пішінді, дене қуысында орналасқан, аналығында
жұп күйінде сақталса, аталығында түтіктерінің біреуі редукцияға ұшырап тақ
болады.
Аскарида аналықтарының жыныс мүшесі өте жіңішке, жіпше тәрізді,
жұп жұмыртқа безінен басталады. Оның қабырғасы
бір қабатты эпителий
клеткаларынан, ортасында ерекше рахис деп аталатын кіндік желі немесе
овоциттердің (жұмыртқалардың) өсу аймағы орналасқан. Рахистың
төңірегінде жыныс клеткалары қалыптасады.
Жұмыртқа безі біршама
жуандау, екі жұмыртқа жолына ауысып, олар
одан да жуан екі жатынға
жалғасады. Екі жатын қосылып жіңішке қынапқа айналады да, ол дененің
алдыңғы құрсақ жақ бөлімінде жыныс тесігімен аяқталады (78-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: