Дамуы.
Жұмыртқалар жатынның ішінде ұрықтанады. Нематодтардың
көпшілігі
жұмыртқа салады, сонымен қатар тірідей туатын түрлері де
кездеседі (Trichinella туысынан). Тіршілік циклі қарапайым, ұрпақ алмасуы
болмайды. Бірақ, кейбір түрлерінде, мысалы бақа өкпесінде паразиттік
тіршілік ететін Rhabdias bufonis-тің дамуында гетерогония байқалады (екі
түрлі ұрпақтың пайда болуы).
Нематодтардың эмбриональды дамуына детерминативті бөлшектену,
бөлшектенудегі жұмыртқаның билатеральды
құрылысы және жыныс
бастамасының ерте ерекшеленуі тән.
Детерминативті бөлшектену екі бластомер кезеңінен басталады, яғни
ұрықтанған жұмыртқа екі бластомерге бөлінеді: біріншісі соматикалық
(мүшелік) S, екіншісі - жыныстық Р, (Бовери ұсынған система бойынша
бластомераларды әріппен белгілейді). Ішіндегі ірісі S,
эктобласт болып
саналатын - эктодерманың түзіндісі, ал екіншісі Р, - жыныс бастамасы,
сонымен қатар басқа да мүшелердің негізін қалаушы, яғни энтодерманың,
мезодерманың түзіндісі. Екінші бластомер
келесі бөлінулердің бірінде
соматикалық бастамадан арылып, таза жыныс бастамасына айналады.
Детерминацияға байланысты әрбір жеке мүшелер құрамындағы
клеткалар саны тұрақты. Мысалы, Шенберг ұсақ нематоданың бір түрінде 68
бұлшықет, 200 нерв, 120 эпидермальды және 172 ішек клеткаларының санын
анықтаған. Сол сияқты ірі түрлерінде де клетка тұрақтылығы сақталады.
Мысалы, аскариданың нерв жүйесі 162 клеткадан құралған. Осыған
байланысты нематодтар регенерациялық қабілетінен айрылған.
Нематодтардың жұмыртқалары тығыз қабыршақпен қапталған.
Жұмыртқадан сыртқы пішіні ересек формасына ұқсас личинка шығады.
Личинка өсуі мен дамуында төрт рет түлейді,
бұл кезде ескі кутикула
тасталып, жаңасы түзіледі.
Достарыңызбен бөлісу: