Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет112/221
Дата28.10.2022
өлшемі1,28 Mb.
#155424
түріОқулық
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   221
Байланысты:
Дәуітбаева К Омыртқасыздар зоологиясы 1 кітап

75-сурет
.
Нематодтардың ауыз қуысы мен жұтқыншақтың құрылысы: A - Mesorhabditis 
spiculigera; 1 - ауыз қуысы, 2 - өңеш қабығы, 3 - өңеш, 4 - ортаңғы (метакорпальді) 
бульбус, 5 - мойнақ (истмус), 6 - нерв сақинасы, 7 - артқы (кардиальды) бульбус үккіш 
аппаратымен, 8 - ортаңғы ішек; Б - Ditylenchus sp.; 1 - стилет, 2 - өңеш, 3 - ортаңғы 
бульбус, 4 - мойнақ, 5 - без жолы, 6 - нерв сақинасы, 7 - өңеш безі, 8 - ортаңғы ішек; В -
Mononchus sp.; 1 - ауыз қуысы, 2 - нерв сақинасы, 3 - өңеш, 4 - ортаңғы ішек; Г - 
Hoplolaimus tylenchiforum; 1 - стилеттің ұшы, 2 - стилет, 3 - стилеттің домалақ бөлігі, 4 - 
бұлшықет (протрактор), 5 - өңеш; Д - Ancylostoma caninum-ның ауыз куысы; 1 - тістері, 2 - 
өңеш
Ректум деп аталатын ортаңғы ішек артқы ішекке жалғасып, ол аналь 
тесігі арқылы сыртқы ашылады. Нематодтардың алдыңғы және артқы ішегі 
эктодермальды және оларды тығыз кутикула астарлайды.
Кейбір нематодтардың ас қорыту жүйесі қоректенуіне байланысты әр 
түрлі деңгейде редукцияға (кері өзгеріске) ұшыраған. Мысалы, 
филяриялардың (Filaria) артқы ішегі тұйықталып, аналь тесігі болмайды
трихинеллаларда өңеш үлкен клеткалар жиынтығьг түрінде дамыған, ал 
мермитидаларда өңеш жойылған.
Еркін тіршілік ететін нематодтар ұсақ организмдермен, паразитті 
нематодтар өз иесінің сөлімен, тканімен, ал кейбіреулері иесінің қанымен 
қоректенеді.
Сондай-ақ кейбір фитонематодтарда ішектен тыс ас қорыту процесі 
байқалады. Стилеттің көмегімен құрт өсімдік тканіне ас қорыту безінің 
ферментін бүркеді, сондықтан ас қорытудың алғашқы кезеңі организмнен 
тыс жерде өтеді. Жартылай қорытылған қоректік заттар нематода ішегіне 
стилет арқылы түседі.
Нематодтарда кірпікшелерінің жойылып кетуіне байланысты 
протонефридиялы зәр шығару жүйесі де жойылып, зәр шығару қызметін 
мойын безі (ренетта) деп аталатын бір клеткалы тері (гиподермальді) бездері 
және фагоцитарлы клеткалар атқарады.
Мойын бездері екі типті болады: шомбал және тармақталған. Еркін 
тіршілік ететін нематодтардың мойын безі шомбал типті, түтікшесі қысқа. 


Топырақта және паразиттік тіршілік ететін нематодтардың ерекшелігі - 
мойын безі денеде бойлай орналасқан екі бүйір экскреторлы түтікшелерден 
кұралған. Түтікшелердің артқы ұшы тұйықталып бітеді, ал алдыңғы ұштары 
бірігіп ортақ түтікке айналады да, ол сыртқа зәр шығару саңылауымен 
ашылады (76-сурет). Бірқатар түрлерінде экскреторлы жүйенің бір бұтағы 
жойылып (көбіне оң жақтағысы), сол жақ түтігі өте жақсы дамыған. Түтіктер 
арқылы денедегі (несен) заттар сыртқа шығарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   221




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет