сүре алады.
Бұзғыншалар бидай тұқымымен бірге жерге себіледі де, оның ішінен
личинкалар шығып, топырақ арасына таралады. Топырақ арасына түскен
личинкалар басқа өсімдіктерге өтіп дамуын қайталайды. Сондықтан бидайды
себу алдында оның тұқымдарын мұқият тазалау қажет.
Нематодамен зақымданған өсімдіктің негізгі белгісі: бидайдың сабағы
өспей, жапырақтары бүрісіп қалады және көптеген бұзғыншалар (галла)
пайда болады. Бүзғыншалар пішіні және үлкендігі жағынан бидайдың сау
дәндеріне ұқсас, бірақ түсі қоңыр және үсті бұдыр-бұдыр болады (82-сурет).
ТМД елдерінде Қырым, Кавказ,
Балтық теңізі жағалауларында, Украинада
және Орта Азия республикаларында кездеседі.
Картоп сабақ нематодасы - Ditylenchys destructor картоп түйнегінің
паразиті. Картоп өсірілетін аудандарда кең таралған. Денесі жіп тәрізді,
жіңішке, ұзындығы 1 мм-ге жуық, ұдайы қозғалып жүретін құрт. Олардың
өсіп дамуы картоп түйнегінің
ішінде өтеді, сондықтан түйнек біртіндеп
құрғақ шірік тәрізді болып бұзылады. Әсіресе, картоп өнімін қоймада сақтау
кезінде қозады, картоп түйнектерінің бәрін шірітіп жіберуі мүмкін.
Паразиттердің басқа картопқа өтуі зақымдалған картопты
отырғызғаннан болады, сондай-ақ құрттар топырақ арқылы да таралады.
Олар өсімдік жаңа өсіп келе жатқан кезде тамырына, кейіннен түйнектеріне
өтеді.
Бұлармен күресудің басты шарты - картопты
қоймаға сақтау алдында
қойманы дезинфекциялап, картопты мұқият сұрыптап, 4-5°С-дан аспайтын
температурада сақтау керек (нематоданың дамуының ең қолайлы
температурасы 20-25°С), Картопты отырғызғанда да
зақымдалмаған
түйнектерді іріктеп алу және картоптың ауруға төзімді сорттарын отырғызу
қажет.
Достарыңызбен бөлісу: