ішегін тесіп, қан тамырлары арқылы тері астының дәнекер тканіне еніп, сол
жерде мекендеп ересек формасына айналады.
Ришта қоздыратын аурулары дракункулез деп аталады.
Бұл ауру
Африка елдерінде, Үндістанда, Иранда, Қызыл теңізі және Ніл
жағалауларында, сондай-ақ Орта Азияда таралған.
Ауру адам іріңдеп
жарақаттанған аяғын, қолын сумен жуу арқылы личинкаларды суға ағызып,
олардың кең таралуына себепкер болады.
Риштаға қарсы бағытталған комплексті және жоспарлы шараларды
мұқият қолданғанның нәтижесінде дракункулез ауруы ТМД-да түгелімен
жойылды. Адам, жануарлар және өсімдіктердің гельминтоздық ауруларының
қоздырғыштарын жоюға бағытталған белсенді шараларды девастация деп
атайды. Атақты гельминтолог К. И. Скрябин осы салада
көптеген ғылыми
еңбектерді жазған.
83-сурет.
Паразитті нематодтар: A - ришта (Dracunculus medinensis), аналығы; Б -
циклоптың ішіндегі риштаның личинкасы; В - Банкрофт нематодасының зардабынан
пайда болған элефантиазис ("піл ауруы") ауруы
Достарыңызбен бөлісу: